Атырау, 10 маусым 03:24
 дождьВ Атырау +21.3
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Атырауда

«Тұлпарға» бөлінген қаржы балалардың басқа қалаларда демалуына жұмсалады Атырауда

«Тұлпарға» бөлінген қаржы балалардың басқа қалаларда демалуына жұмсалады

Атырауда «Тұлпар» лагері ғимараттың апаттық жағдайына байланысты биыл оқушыларды қабылдай алмайды. Жөндеу жұмыстарына 60 млн теңге бөлінді. Алайда бұл қаржыға балаларды республиканың басқа лагерлеріне жіберу ұйғарылды. 5 шілде 2022, 16:40 1 610 рет қаралды
Атырау жерінен тұңғыш рет балбал тас табылды Атырауда

Атырау жерінен тұңғыш рет балбал тас табылды

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы «Тасқара» қорғанына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 6-9 ғасырдың көне түркі ғұрыпынан сыр шертетін адам мүсіні бейнеленген балбал тас табылды. Биіктігі 1 метр 20 см, ал, ені 50 см болатын олжа Оғыз-Қыпшақ дәуірінен қалған деп болжанып отыр. 5 шілде 2022, 16:17 2 440 рет қаралды
Жел облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті Атырауда

Жел облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті

4 шілде күні сағат 20.00 шамасында Атырауда қатты желдің салдарынан облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін, атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метрін ұшырып әкетті. 5 шілде 2022, 15:59 1 050 рет қаралды
«Бірқатар мамандық бойынша оқу ақысы төмендеді» Атырауда

«Бірқатар мамандық бойынша оқу ақысы төмендеді»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі оқу ақысының төмендегенін хабарлады. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша АГУ-ге қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Университеттің баспасөз қызметі қазір жағдай басқаша екенін атап өтті. 5 шілде 2022, 15:22 1 350 рет қаралды
«Атырау – Дина Нұрпейісова» пойызына екі вагон жалғанды, одан көп болуы да мүмкін Атырауда

«Атырау – Дина Нұрпейісова» пойызына екі вагон жалғанды, одан көп болуы да мүмкін

«Атырау-Дина Нұрпейісова» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызына 52 орыннан тұратын қосымша екі плацкарт вагоны жалғанды. Жаңа құрам 1 шілдеден бастап жолға шықты. 4 шілде 2022, 19:35 1 269 рет қаралды
​АГУ-де оқу ақысы тым жоғары ма? Атырауда

​АГУ-де оқу ақысы тым жоғары ма?

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты монополиялық жоғары бағалар белгілеу және ұстап тұру тұрғысында монополияға қарсы тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. 4 шілде 2022, 19:11 1 561 рет қаралды
Құс тұмауынан қорғау: тауықтарды вакциналап, жабайы құстарды атады Атырауда

Құс тұмауынан қорғау: тауықтарды вакциналап, жабайы құстарды атады

ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 6,2 мыңнан астам дозасын бөлді. Бұл NCOC компаниясына тиесілі Қашаған кенішінің екі жасанды аралында жақында 2750 шағаланың қырылуымен тікелей байланысты. 24 маусымда ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығынан өлген құстардың сынамаларынан «АН5 құс тұмауы» бойынша оң нәтиже анықталғаны туралы жауап алынды. Толықтырылды 4 шілде 2022, 18:49 1 208 рет қаралды
Жаз: мигранттар легі ағылуда Атырауда

Жаз: мигранттар легі ағылуда

Атырауға шетелдік мигранттар легі ағылуда. Олар бірнеше аптадан бері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырып жүр. Дәл осы жерде қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Атырау облысы бойынша көші-қон бөлімі орналасқан. Айта кету керек, бөлім ол жаққа 25 мамырда Авангард-2 ықшамауданынан көшіп келген. Сурет Бейнежазба 4 шілде 2022, 18:08 1 972 рет қаралды
Мамандар «Безымянный» көлінен судағы оттегі мөлшері мен су тереңдігін тексерді Атырауда

Мамандар «Безымянный» көлінен судағы оттегі мөлшері мен су тереңдігін тексерді

Бұл туралы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар ӘМІРЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Сурет 4 шілде 2022, 15:01 1 477 рет қаралды
Атыраудағы қарақалпақтар: сыпырғыш пен кірпіш қана емес Атырауда

Атыраудағы қарақалпақтар: сыпырғыш пен кірпіш қана емес

«АЖ» мәліметінше, 1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанды егемендіктен айыру туралы түзетулерге наразылық білдірген 40-қа жуық адам Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңына шықты. Оларды полиция ұстаған, өйткені митинг өткізуге қала билігі рұқсат бермеген. Бейнежазба 3 шілде 2022, 15:20 2 204 рет қаралды
Қайта көбейе бастаған ба? Атырауда

Қайта көбейе бастаған ба?

Соңғы үш айда Атырау облысында COVID-19 инфекциясы тіркелмеген, бірақ қазір жағдай біршама өзгерді. 21 маусымда бір жағдай, 30 маусымда 5 жағдай (Атырау қаласында 2, Жылыой ауданында 2 және Құрманғазы ауданында 1) анықталды. 2 шілде 2022, 11:55 1 415 рет қаралды
Доссорда мұнайшыларға қызмет көрсететін көлік қызметкерлері бес күннен бері наразылық танытуда Атырауда

Доссорда мұнайшыларға қызмет көрсететін көлік қызметкерлері бес күннен бері наразылық танытуда

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде «BuildServiceCom» ЖШС-не көліктерін жалға бергендер мен көлік жүргізушілері еңбекақыларының кешіктіріліп жатқанына наразылық білдіріп, бірнеше күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Наразылық акциясы 27 маусым күні басталған. Толықтырылды 30 маусым 2022, 17:45 1 757 рет қаралды
Жамбылдың жас кезінде шерткен домбырасын көргіңіз келе ме? Атырауда

Жамбылдың жас кезінде шерткен домбырасын көргіңіз келе ме?

Шілденің алғашқы жексенбісі елімізде Домбыра күні атап өтіледі. 1 шілде – ұлттық домбыра күніне орай, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты жылжымалы көрме ашылды. Сурет 2 шілде 2022, 11:46 2 805 рет қаралды
Атырауда алкоголь, темекі және отын заңсыз сатылған Атырауда

Атырауда алкоголь, темекі және отын заңсыз сатылған

Маусым айында Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы акцизделетін өнімдердің – 1520 бөтелке алкогольдің, 2000 литр дизель отынының, сондай-ақ LM және Bond темекі өнімдерінің заңсыз саудасын анықтап, жолын кесті. 1 шілде 2022, 16:40 2 202 рет қаралды
Атырау-Астрахань трассасын тапсыру мерзімі тағы шегерілуі мүмкін Атырауда

Атырау-Астрахань трассасын тапсыру мерзімі тағы шегерілуі мүмкін

Атырау - Астрахань тас жолын қайта қалпына келтіру барысында мердігер компанияларда тауар вагондары жеткіліксіз болғандықтан қиыршық тас жеткізуге қатысты проблемалар туындады. Осы себепті Атырау – Астрахань трассасын тапсыру мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. Сурет 1 шілде 2022, 16:00 1 509 рет қаралды
Порталдағы жасанды бағалар Атырауда

Порталдағы жасанды бағалар

Атырау облысында соңғы бір жарым жылда 103 мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарлар мен қызметтердің бағасын жасанды түрде өсірген. Білім беру (15) және денсаулық сақтау (13) салалары көзге түсті. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан ДОСАНОВ мәлім етті. 1 шілде 2022, 14:17 1 314 рет қаралды
Атырауда балалар тағы да терезеден құлап кетті. Ата-аналар, сақ болыңдар! Атырауда

Атырауда балалар тағы да терезеден құлап кетті. Ата-аналар, сақ болыңдар!

27 маусымда Атырауда Нұрсая ықшамауданында москит торына сүйенген 5 жастағы егіз қыздар 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Олар ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. 1 шілде 2022, 09:54 1 464 рет қаралды
Атырауда Өзбекстан азаматшасы нашақорлар притонын  ұйымдастырған Атырауда

Атырауда Өзбекстан азаматшасы нашақорлар притонын ұйымдастырған

«Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырауда жалдамалы пәтерін есірткі притонына (бұл ғана емес) айналдырған Өзбекстанның 24 жастағы азаматшасын ұстады. 30 маусым 2022, 16:49 1 806 рет қаралды