Атырау, 28 қараша 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау тұрғыны ақауы бар көлігін сот арқылы салонға қайтарды

1 416 просмотра

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, «Урал-Кров-Авто плюс» ЖШС автосалонынан Reno маркалы жаңа көлік алынған. Жарты жыл ішінде ол бірнеше рет істен шығып, ашуланған сатып алушы көлікті ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап еткен.

ЖШС-мен келісімге келу мүмкін болмады. Жоспардан тыс тексеру және ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы 5-бөлігі 2-тармағының («Сатушының сәйкес келмейтін сападағы тауарды ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде айырбастау немесе қайтару бойынша міндеттемелерін орындамауы») негізінде әкімшілік хаттаманың толтырылуы да әсер етпеген.

Мәселені сатып алушының пайдасына тек сот арқылы шешу мүмкін болды.

- Қазіргі таңда «Урал-Кров-Авто плюс» ЖШС мен тұтынушы арасында жасалған автокөлікті жеткізу шарты бұзылып, 11 022 300 теңге көлеміндегі қаражат тұтынушыға қайтарылды, - дейді Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем УӘЛИЕВ. Сонымен қатар, ЖШС-не 428 820 теңге айыппұл салынды. Жауапкер апелляциялық шағым түсіргенімен, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Айтпақшы, ақауы бар көліктің қайтарылуы бірінші жағдай емес. Жақында жаңа Nissan көлігі сот арқылы басқа салонға қайтарылған еді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

18 қаңтар 2023, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.