19 қаңтарда атап өтілетін Христиан православтарының «Крещение Господне» діни мейрамын өткізуге Атырау облысы бойынша 7 орын белгіленді. Олар:Айтеке би көшесінде орналасқан «Орал» ресторанының тұсында, Тұрғындар қалашығы маңында, Мечников-Баймұханов көпірінің тұсында және Құрманғазы, Жылыой Махамбет, Индер аудандарында.
Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 10 сүңгуірлік жинақ, 42 құтқару жилеті, 8 құтқару шеңбері, 8 автокөлік дайындалған. Мұз ойықтары тұсында ТЖД, ПД және жедел жәрдем қызметкерлері де кезекшілікте болады.
ТЖД жағадағы арнайы жабдықталған мұз ойықтарында суға түсуді ескертеді. Мұз ойығында шомылар алдында дене қимылдарын жасап, жүгіріп, денені жылыту керек.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет «АЖ» мұрағатынан