Атырау, 11 желтоқсан 05:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Азғырлықтар енді емделу үшін басқа елге барады

1 209 просмотра

Құрманғазы ауданы Азғыр өңірі тұрғындары үшін дер кезінде жедел медициналық көмек алу оңайға соқпай тұр. Өйткені бұл өңір облыс орталығынан 600, ауданнан 200-дей км қашықта жатыр.

- Бізге Ресейдің Харабайлы ауруханасына барған жеңіл. Бар болғаны 60 шақырым қашықтықта. Шетел болғандықтан олар бізді қабылдай бермейді. Сол себептен екі республика бір келісімге келу жөнінде талай рет мәселе көтердік, - дейді азғырлықтар.

Жақында осы мәселені шешуді қолға алыпты.

- Харабайлы қаласында Атырау және Астрахан облыстарының денсаулық сақтау басқармалары арасында азғырлықтарды емдеу үшін «жасыл дәліз» туралы келісімшарт жасалды. Бірақ тегін емдеу тек шұғыл жағдайдағыларға жасалған. Мысалы, шұғыл хирургиялық ота жасау немесе апатқа ұшырап зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, - дейді Құрманғазы аудандық ауруханасының бас дәрігері Асулан АБДРАХМАНОВ. - Жақында харабайлылық дәрігерлер Азғыр өңірінде тұратын соқырішек болған қыз балаға тегін ота жасады.  Ал жалпы, көршілес Ресей аймағында тек шұғыл жағдайда ғана емес, азғырлықтардың тегін емделуіне бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қаңтар 2023, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.