Атырау, 12 қазан 13:27
 дождьВ Атырау +21
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​QazaqGaz және «Газпром Қырғызстан» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

104 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «Газпром Қырғызстан» ЖШҚ Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Газпром» ЖАО арасындағы Бірлескен үйлестіру кеңесінің отырысы аясында жүзеге асырылды.

Құжат табиғи газды тасымалдау, бөлу және есепке алу, газ инфрақұрылымы объектілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру бағыттарында өзара іс-қимылды дамытуға және практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Тараптар газ тасымалдау және газ тарату жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, технологиялық процестерді жетілдіру, цифрландыру және диспетчерлік басқару мәселелеріне ерекше назар аударды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов меморандумға қол қою компанияларымыз арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сонымен қатар тәжірибе және озық техникалық шешімдер алмасу өндірістік процестерді жетілдіруге, газ инфрақұрылымын пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде тараптар өндірістік объектілерге мамандардың өзара сапарларын ұйымдастыруды, техникалық консультациялар, бірлескен жұмыс кездесулері мен оқыту іс-шараларын өткізуді, сондай-ақ авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.