Атырау, 3 қазан 01:41
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Орынғазы Есқазиев дүниеден озды

3 284 просмотра

2023 жылы 13 қаңтар күні елiмiзге белгiлi мұнайшы, бірнеше кеніштердің алғаш ашушысы, танымал геолог, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Орынғазы Есқазиев дүниеден озды.

Орынғазы Есқазиев 1934 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол 1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық) университетін геология мамандығы бойынша тамамдады. Еңбек жолын Атырау өңіріндегі «Қошқар» мұнай өнеркәсібі басқармасында мұнай өндіру жөніндегі оператор болып бастап, «Ембімұнай» бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Теңіз» алып кенішін ашқан бір топ геологтың бірі болды. Орынғазы Есқазиевтің ғибратты ғұмыры, абыройлы еңбек жолы – ұрпағы мен жас мұнайшыларға үлгі. Абыз ақсақал бастаған кәсіпті бүгінде Қазақстан мұнай өнеркәсібінде Есқазиевтер династиясы табысты жалғастырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Орынғазыұлына, отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

14 қаңтар 2023, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.