Бүгін, 14 қаңтарда Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Сенаттағы бос орынға «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК директоры Ғилман СӘРСЕМӘЛИЕВ, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің директоры Бағыт ШЕРКЕШБАЕВА және Атырау облысы мәслихатының хатшысы Әлібек НӘУТИЕВ үміткер болды. 81 дауыс (68,6 пайыз) жинаған А.Нәутиев жеңімпаз атанды.
Сайлаушылар тізімінде жеті аудандық мәслихаттың, Атырау қаласы мәслихатының және Атырау облысы мәслихатының 132 депутаты болса, оның 119-ы сайлауға қатысты.
Сенатта Ә.Нәутиев өкілеттілігі біткен Ғұмар Дүйсембаевтың орнына келеді. Сағындық ЛҰҚПАНОВ облысымыздан сайланған екінші сенатор болып қалды.
Айнұр САПАРОВА