Махамбет ауданы орталығында ерлі-зайыпты қолөнершілер өз кәсібін ашып, халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Олар аудандағы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасының алғашқы жеңімпаздарының бірі, деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Наурызбай САПАРОВ пен Ақнұр ТАЙЫРОВА 2019 жылы «Zhas Project» жастарды қолдау жобасына қатысып, 1 миллион теңге қайтарымсыз грант алады. Сол ақшаға жүн түтетін құрылғы, тігін машинасы мен мақта, мата алып кәсіптерін бастайды. Алғашында көрпе-көпшік тігіп, кейін қыз жасауына, сырға салу қобдишаларына, білезікке, Құранды оқу үшін қоятын арнайы тұғырларға тапсырыс түсе бастайды. Ал материалға қажетті ағаш пен бояуларды Ақтөбе, Шымкент қалаларынан алдырады екен.
– Сәндік бұйымдарды жасауда лазер құралын пайдаланамын, материалдарды Ақтөбе мен Шымкенттен сатып аламыз. Өнімдеріміздің халық арасында үлкен сұранысқа ие болғаны қуантады, – дейді Н.Сапаров.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер