
11 қазанда таңертең Жылыой ауданының Құлсары қаласында «Ас Төрі» кафесі орналасқан ғимаратта өрт шықты.
Өрт сағат 6:49 шамасында басталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД мен «Семсер» ЖШС өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге барлығы 29 адам мен алты техника тартылды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +21