Атырау, 29 наурыз 20:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Құлсарыда жол апатында бір әйел қаза болып, бірнеше адам жарақат алды

Толықтырылды
1 059 просмотра

13 қаңтарда күндіз "Құлсары - Ақкиізтоғай" тас жолында ЖКО орын алып, бір адам қайтыс болса, бірнеше адам жарақат алған. 

Ақкиізтоғай ауылына 5 шақырым қалғанда "Киа" көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы жолдағы "Лада Приора" көлігіне соқтығысқан. Салдарынан "Лада Приорадағы" 53 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза болса, екі көліктегі 11 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың ішінде 5 жасар қыз бала бар. 

Кейін ауруханада 1987 жылы туған тағы бір жолаушы қаза болды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қаңтар 2023, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.