Атырау, 25 маусым 19:59
 дождьВ Атырау +31.8
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Атырауда

Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

2 қарашада футболдан ел чемпионатының соңғы 32-туры матчтары өтті. «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде батыс облыстары бойынша прокуратура командалары арасында ҚР Бас прокурорының кубогі үшін волейбол және мини-футболдан іріктеу турнирлері өтті. 14 қараша 2013, 00:00 4 367 рет қаралды
«Бізге балық қорғау қызметі керек пе?» Басқа жаңалықтар

«Бізге балық қорғау қызметі керек пе?»

Браконьерліктің ауқымдылығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр, деп мәлімдеді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВ Атырау облыстық прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңес отырысында. 12 қараша 2013, 12:55 4 915 рет қаралды
Қоқыс үстіндегі әуе шайқасы Басқа жаңалықтар

Қоқыс үстіндегі әуе шайқасы

Атыраудағы қоқыс төгу орындарына шағалалар қоныс теуіпті. Қалалықтар осы ақ қанатты теңіз құстарының қоқыс контейнерлері орналасқан алаңқайларды басып алып, ол жерден басқа қанаттыларды, әсіресе, жергілікті әжейлер бұрын үнемі жем шашып, қоректендіріп тұратын көгершіндерді аяусыз қуып жатыр деген әңгімелерді жиі айтатын болды. 12 қараша 2013, 11:09 2 973 рет қаралды
Динара Бақтыбаева: «Гонорарымды анама бердім» Мәдениет

Динара Бақтыбаева: «Гонорарымды анама бердім»

Романтикалық «Сен және Мен» комедиясы прокатқа шыққаннан кейін Алматыдағы жоғарғы оқу орнының студенті Динара БАҚТЫБАЕВА танымал боп оянды. Оны көшеде танып қалып, қолтаңба сұрайды, кастингтерге шақырады. Бюджеті 300 мың доллар болатын картина прокаттың бірінші аптасында-ақ өзін өтеген болатын. 11 қараша 2013, 18:01 6 613 рет қаралды
«Павлодардағы оқиға – кездейсоқтық» Басқа жаңалықтар

«Павлодардағы оқиға – кездейсоқтық»

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мамандары Атырауда адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау мәселелері бойынша көшпелі семинар өткізді. Олардың бұл шараларына қарағанда, қыздарға вакцина егу науқаны кешікпей қайта жалғасын табатын секілді. 11 қараша 2013, 10:57 2 910 рет қаралды
«Оқушылар тағамынан үнемдеуге болмайды» Басқа жаңалықтар

«Оқушылар тағамынан үнемдеуге болмайды»

7 қарашада  облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВҚА білім және ғылым министрлігінің тендер негізінде жеткізушісі анықталатын қызмет тізімінен мектеп оқушыларына ыстық тамақ беруді ұйымдастыруды алып тастауға қол жеткізуге тапсырма берді. 9 қараша 2013, 23:52 6 445 рет қаралды
Астрахан тас жолын жөндеу жұмыстары 2015 жылы басталады Басқа жаңалықтар

Астрахан тас жолын жөндеу жұмыстары 2015 жылы басталады

Соңғы айларда көлік және коммуникация министрлігіне Атырау облысының әкімі, облыс атынан сайланған сенаторлар, облыстық мәслихат депутаттары кезекпен кезек ат басын тіреді. Бәрі де Атырау-Котяевка жолын қайта жарақтау жұмыстарының басталуын жылдамдату керек деген бір мәселені қозғауда. Оларға жол жұмыстарының басталуын 2015 жылы күтіңіздер деген бір жауап қана берілді. 8 қараша 2013, 12:25 5 910 рет қаралды
Тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Тілсіз жау

Облыстық ТЖ департаментінде өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша брифинг өтті. ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Ләззат ЖҮСІПОВАНЫҢ айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында 339 өрт болған. 7 адам қаза тауып, 17 адам күйік алған. Материалдық зиян мөлшері 50 млн-нан астам теңгені құрапты. 8 қараша 2013, 11:56 1 886 рет қаралды
Сәдуақасовтың ісі сотқа түсті Оқиға

Сәдуақасовтың ісі сотқа түсті

Сотқа қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Серік СӘДУАҚАСОВҚА қатысты Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес департаменті (ЭҚСКД) тергеген қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы брифингте ЭҚСКД бастығының бірінші орынбасары Асхат БІТІМБАЕВ хабарлады. 8 қараша 2013, 15:07 3 525 рет қаралды
Құбыр айналасындағы күбір Басқа жаңалықтар

Құбыр айналасындағы күбір

«Болашақ» Мұнай және Газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ) газ құбырында қысқа мерзім ішінде екінші рет газ кету оқиғасы орын алғалы бері бір ай уақыт өтті. Алайда әлі күнге дейін жұртшылық біріншісі бойынша да, екінші жағдай бойынша да іркілістердің орын алу себептері туралы ештеңе білмейді. Тексеру ісімен апат болғаннан кейін Атырауға келіп, өздерімен бірге тұрба фрагменттерін алып кеткен Оксфорд университетінің мамандары айналысып жатқаны белгілі. ...Ресми дереккөздерден жарытымды ақпарат алу мүмкін болмағандықтан, Қашағандағы коммерциялық мұнай өндірудің, кем дегенде, бір жылға сөзсіз тоқтатылатындығы туралы айтып жатқан бейресми деректерге сілтеме жасауға тура келеді. 7 қараша 2013, 00:00 6 160 рет қаралды
Арзанның тұзы татымас Басқа жаңалықтар

Арзанның тұзы татымас

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүйрегі ауыстырылған жандарға өмірлік қажетті дәрі-дәрмектің анағұрлым арзан баламасын мәжбүрлеп таңып отыр. Бұл адамдар жаңа бүйрегі (өмірі) үшін кезінде Ресейге, Қытайға, тіпті Пәкістанға дейін қыр асып барған еді. Отанымыз оларды алдымен түсіністікпен қарсы алды, алайда соңғы кездері осы уақытқа дейін жақсы болып келген арақатынасқа сызат түсе бастады... 7 қараша 2013, 00:00 5 232 рет қаралды
Еркінбек ШОХАЕВ: «Имандылық сақалда емес, жүректе...» Басқа жаңалықтар

Еркінбек ШОХАЕВ: «Имандылық сақалда емес, жүректе...»

Онлайн-конференцияның келесі қонағы - Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Еркінбек ШОХАЕВ. Ол Шымкенттегі Арыстанбаб медресесінде оқыған, жеті қырағаттан ижазасы бар (яғни, Құранды оқудың жеті жолын меңгерген), қари атанған (Құранды жатқа білетін адам). Триполи (Ливан) университетінде ислам дінін зерттеп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтану факультетінде білім алды. Араб тілін меңгерген. 2013 жылдың көктемінде Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін  Астанада ҚР дін істері Агенттігінде бас сарапшының қызметін атқарды.  7 қараша 2013, 00:00 10 176 рет қаралды
Аудан орталықтары кеңейеді Экономика

Аудан орталықтары кеңейеді

Облыстық әкімдікте Жылыой, Махамбет, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандары әкімшілік орталықтарының «Казгипроград-1» жобалау институты жасаған құрылыс салу бас жоспарлары ұсынылды. Құлсары, Махамбет, Миялы, Аққыстау және Ганюшкино сияқты аудан орталықтарының құрылымында қандай өзгерістер болады деп күтілуде? Бұл туралы «Казгипроград-1» ЖШС-нің директоры Валентина БАРКОВАМЕН (суретте) сұхбаттастық. 7 қараша 2013, 00:00 4 517 рет қаралды
Ұрпақ болашағына балта шабу көбейген Басқа жаңалықтар

Ұрпақ болашағына балта шабу көбейген

Қазақстанда Еуропа елдеріне қарағанда көп жасанды түсік жасалады - бұл туралы «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт ТҮМЕНОВА ресми статистикалық деректерге сүйене отырып хабарлады. Денсаулық сақтау департаментінің деректері бойынша, Атырау облысында 2012 жылы 2090 жасанды түсік жасалған, ал үстіміздегі жылдың 9 айында әйелдер бұл процедурадан 1 085 рет өтіпті. 7 қараша 2013, 00:00 6 008 рет қаралды