Атырау, 18 желтоқсан 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Тіпті ТШО да...

3 418 просмотра

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша болжамдық бағалар - Қашағанда мұнай өндіруді тоқтату, сондай-ақ, кейбір «тәжірибелі» кеніштерде өндірістерді қысқарту аясында жыл өткен сайын азайып барады.

Тіпті, елімізде «қара алтын» өндіру қарқынын көрсетіп отырған ТШО-да да көрсеткіштер төмендеуде. Бірінші тоқсанда компания 6,8 млн тонна мұнай өндірді (2013 жылдың бірінші тоқсанында – 7 млн).

326 мың тонна сұйытылған газ және 1,7 млрд текше метр құрғақ газ (өткен жылдың бірінші тоқсанында – 340 мың тонна және 1,8 млрд текше метр) өткізілді.

Жалпы Қазақстан бойынша тоқсандық өндіру қорытындылары мен 2014 жылдың болжамдары туралы бізге Инвестицияның пайдалылығын зерттеуагенттігінің аға талдаушысы Артем УСТИМЕНКО (суретте) түсінік берді:

– Солтүстік-Каспий жобасы мәжбүрлі түрде тоқтатылған және 2014-2015 жылдары бірқатар кеніштерде өндіру қысқарған кезеңде Қазақстан жекелеген компаниялардағы өндірістік көрсеткіштерге ықпал етуге қабілетті технологиялық, табиғи және басқа да тәуекелдер болмағандықтан жыл сайын 82,4-82,7 млн тоннадан аспайтын мұнай мен конденсатты өндіретін жағдайға жетеді. Соның ішінде ТШО-дағы өндіру көлемі 2014 жылы 26,2 млн тоннадай құрайды деп күтілуде. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (27,1 млн тонна) жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және бірқатар басқа факторларға байланысты төмен болып отыр.

Мұнда Қазақстанда мұнай және конденсант өндіру көлемі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бастапқы жоспардан қалыс қалады – 20,19 млн тоннаға қарсы 20,6 млн. Атап айтқанда, Теңізшевройл 6,8 млн тонна, «Қарашығанақ ПО» – 3 млн «Қазмұнайгаз» БӨ» – 1,99 млн, «МаңғыстауМұнайГаз» – 1,53 млн «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» – 1,28 млн тонна өндірді.

Солтүстік-Каспий жобасының шеңберінде технологиялық проблемаларға байланысты өндіруді тоқтату 2014-2015 жылдары бастапқы өндірістік болжамдармен салыстырғанда 20 млн тоннаға дейін, соның ішінде ағымдағы жылда – 8 млн тоннаға дейін мұнайдың жеткіліксіз болуын білдіреді.

Қашағанда қайтадан белгіленген мерзімде өндіру жұмыстары жалғасқан жағдайда, яғни 2016 жылдан бастап, жалпы ел бойынша 2020 жылға қарай сұйық көмірсутек өндіру жыл сайын 98-100 млн тоннаға дейін көбеюі мүмкін. Соның ішінде осы мерзімде бұл кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын жылына 12 млн тонна мұнайға дейін көбейтуге мүмкіндік беретін ТШО-ның Келешек кеңею жобасы аяқталады деп күтілуде.

Устименконың айтуынша, әлемдік өндіру көлемінің 2 пайыздайы Қазақстанның үлесіне тиеді. Ел негізгі жаһандық өндірушілер арасында 16-орынға және кеңестен кейінгі кеңістік аумағында 2-орынға (Ресейден кейін) ие.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 маусым 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.