Аdilet.zan.kz сайтында «Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жарияланды.
Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік тізімінде – Атырау облысының 15 нысаны бар: облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КМҚК, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Мұнайшы» спорт кешені» КҚМК, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Атырау барыстары» спорттық ойын түрлері бойынша облыстық командасы» КМҚК, «Атырау» облыстық волейбол командасы» КМҚК, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Атырау» спорттың су түрлері бойынша облыстық командасы» КМҚК, «Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубы» КМҚК, «Атырау облыстық геотехникалық орталығы» КМҚК, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК, «“Атырау” спорт кешені» КМК, «Арнаулы автобаза» КМК, сондай-ақ, «“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС, «Тұрмыс қызмет» ЖШС, «Жылыой тазалық» ЖШС және «Құрманғазы жолдары» ЖШС. Бұлардың құрылтайшылары облыс әкімдігі болып табылады. Жекешелендірумен облыстық қаржы басқармасы айналысатын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ