Атырау, 27 қараша 04:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бекірелер фермада сауылатын болады

3 333 просмотра

ҚР Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВ баспасөз конференциясында мемлекет басшысының Атырау облысында жылына 30 млн-ға дейін шабақ өндіретін бекіре өсіру зауытын (БӨЗ) салу туралы тапсырмасының орындалу барысына тоқталды.

Бүгінде облысымызда қуаты жылына 3,5 млн-ға дейін шабақ өсіруге жететін екі бекіре өсіру зауыты бар. Бірі – Еркінқала ауылындағы Атырау зауыты болса, екіншісі – Көкарнадағы Жайық-Каспий зауыты. Жүнісовтың айтуынша, алғашқы кезекте қолданыстағы екі зауытқа қайта жасақтау жасалып, жалпы қуатын жылына 12 млн шабаққа дейін жеткізбекші. Мақсат – осы екі зауыт базасында тұқым беруге қабілетті бекіре балықтарын ұстау.

- Егер біз уылдырық беруге қабілетті балықтарды теңізде емес, зауыт ішінде ұстай алатын болсақ, табиғи ортадан тәуелсіз жұмыс жасай аламыз. Бүгінде зауыттар балықшылардың ұрықтандыруға қажетті балықтарды қашан ұстайтынын күтіп отырады. Қолданыстағы зауыттар осындай мүмкіндікке қол жеткізгенде ғана екінші кезеңге – жылына 30 млн-ға дейін шабақ өсіретін бекіре өсіру зауытын салуға болады. Әйтпесе, жаңа үлкен зауытқа қажетті мөлшерде тұқым беруге қабілетті бекірелер мен қортпалар табылмайды. Қолданыстағы бекіре өсіру зауыттарын қайта жасақтаудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.