15маусымда шомылу маусымы басталады. Қаладағы жағажайлар демалушыларды қабылдауға әзір бола ма?
Кісінің көп келетіндігіне қарамастан (өткен жылы ДСК жанындағы орталық жағажай арқылы күніне 1200-ге дейін адам, Жилгордоктағы жағажай арқылы – 2000-ға дейін өткен), біздің шомылатын аумақтар бизнестің қызығушылығын тудырмайды. Соңғы жылдары тендерлер қатысушылардың жоқтығынан өтпей қалған еді, енді «Сәрсекен» ЖК екі жағажайды да 5 жылға жалға алып отыр.
- Жағажай бизнесінің кәсіпкерлер үшін ауыртпалығы көп, соның ішінде СЭС пен ТЖ тарапынан қатаң талаптар көп екенін атап өткен жөн,- дейді Николай СӘРСЕКЕН. - Басқа қалалардан айырмашылығы, Атырауда салынған тыйымдар көп. Мәселен, дискотекалар, катерде серуендеу және басқа да ойын-сауықтар уақыт бойынша шектелген. Ал демалушылардың басым көпшілігі күн шақырайып тұрғанда емес, кешкі уақытта, жұмыстан кейін көбейеді.
Дегенмен де, бизнесмен табыстар түседі деп үміттенеді. Ал ол үшін қалалық екі жағажайды да қала тұрғындары үшін тартымды ету керек. Маусым басталғанша, оларға құм әкеліп төгіп, түбін тазартып, қалқалар орнатып, екі батут (әрқайсысына бір-бірден), катамарандар, шезлонгтер (әрқайсысына 50 данадан), биотуалеттер, қоқыс жәшіктерін әкелу керек, волейбол алаңдарын ұйымдастыру қажет. Тамағы мен музыкасы бар кафе де болады. Кәсіпкер тазарту жұмыстарын үнемі жүргізуді де өз мойнына алып отыр.
Құтқарушылардан жаңалық: егер бұрын олар негізінен мұнараларда отыратын болса, енді биыл суда буйкалардың қасында пост-катер орнатуға уәде беріп отыр. Бұл әлдене бола қалған жағдайда шұғыл әрекет етуге мүміндік береді.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор