Атырау, 8 желтоқсан 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Дала өртке оранды

2 118 рет қаралды

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет28 мамыр күні кешке Индербор кентінен 10 шақырым қашықтықтағы бос жатқан жер өрт құшағында қалды.

Өрт сөндірушілер жабыл қағылған соң жарты сағаттан кейін жеткен.   

- Оған қатты желдің әсері тигені анық, оның үстіне ыссылықтан қурап тұрған өсімдіктер мен жыңғылдар жалынның күрт өршуіне мүмкіндік берді. 3 сағаттың ішінде 0,5 гектар жер өртеніп кетті. Өрт сөндірілді, адам, мал шығыны жоқ, орманды да аман сақтап қалдық,- дейді Индер ауданы №5 өрт сөндірушілер бөлімінің бастығы Дархан ЖАҢЫЛЫСОВ. – Алдын ала болжам бойынша, өртке әлдекімдер лақтырған сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

ЛәззатҚАРАЖАНОВА

29 мамыр 2014, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.