"АЖ"-ның көрнекі суреті.29 мамырда облыстық әкімдікте облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бастығы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН санитарлық екіайлықтың қорытындысын жасады.
– Екіайлық шараларына жалпы облыстың 66 мың тұрғыны қатысты, елді мекендер аумағынан 13,5 мың тонна қоқыс шығарылып, 14,9 мың көшеттер отырғызылды, – деді Зинуллин.
44жайма қоқыс орнының 34-і жойылды. Индер ауданының
Индербор, Бөдене поселкелерінде, Исатай ауданының Аққыстау, Жанбай поселкелерінде, Мақат ауданының Доссор және Мақат поселкелерінде қоқыс қалды.
Облыстағы 65 қоқыс полигонының екеуі ғана санитарлық талаптарға сай келеді. Қалалық қоқыс орны қоқыс газының әлсін-әлі тұтануы салдарынан түтін сасиды. Департаментке қоқыс орнымен көршілес орналасқан облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері мен Каспий құбыр консорциумының ұжымдары оны жабу туралы талаппен шыққан.
Облыстағы 66 су тазарту қондырғысының тек 57-сі ғана жұмыс істейді. Жазғы уақыттағы жұмыстар үшін осы 57-нің 39-ы ғана жуып тазартылып, хлорланған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ