Атырау, 27 қараша 04:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Прокуратураның жаңа жобалары

2 418 просмотра

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында болған Ашық есік күні қонақтарға қолданыстағы инновациялық жобалар таныстырылды.

Атап айтсақ, http://service.pravstat.kz ресурсында жол-көлік оқиғасы (ЖКО) картасы мен қылмыс картасы сияқты интерактивті карталар пайда болды. ЖКО картасын жасауға прокурорлық тексеру барысында анықталған жол полициясында жол-көлік оқиғаларын тіркеу қанағаттанарлықсыз жүргізілетіні себеп болды. Жақын әзірден бастап Құқықтық статистика комитеті адамдардың қаза болуы мен жаралануы орын алған ЖКО-лар жөнінде бірыңғай статистикалық есеп жүргізетін құзыретті орган мәртебесін алды. Апаттылықтың шынайы ауқымы көлік жолдарын жөндеу мен қайта салу бойынша өңірлік бағдарламаларды қайта қарауға негіз болды. Құқықтық статистика комитеті басқармасында ЖКО картасы елді мекендердегі, қалааралық трассалардағы ең қауіпті жол учаскелерін ашып көрсетеді. Карта құзыретті органдардың жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол белгілерін, бағдаршамдар қою, сәйкесінше жол айрықтарын жүргізу жұмыстарына сілтеме жасауға арналған.

Қылмыстың интерактивті картасының ерекшелігі – деректер қорына қылмыс орнын тіркеп, енгізгеннен кейін, бұл жер 2-3 минуттен кейін автоматты түрде географиялық картада көрінеді. Мұны жоғарыда аталған порталға кірген кез келген адам көре алады. Осы картаны қолдану полицияға қылмыстық ахуалға нақты талдау жасауға, өз уақытында алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Тамара СУХОМЛИНОВА  

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.