Атырау, 27 қараша 04:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҰБТ: қалай шағымдануға болады

2 924 просмотра

ҰБТ-ға дейін санаулы күндер қалды. Емтихан алушыларға талаптар болған жағдайда апелляция беру тәртібі туралы әңгімелеуді біз облыстық білім беру департаментінің жалпы және орта білім беру бөлімінің бастығы Бәтима БАХТИЯРОВАДАН өтінген едік.

Оның айтуынша, алдымен бірнеше тармақтарды сақтау керек, олар түлекке еш артық кедергісіз апелляция беруге мүмкіндік береді. Біріншіден, емтиханда жауаптар парағын толтырған кезде түлек көшірмесін қатар толтырады. Оны өзімен бірге емтиханнан кейін алып кетуге құқығы бар. Арызды апелляциялық комиссия төрағасының атына тестілеуге қатысушының өзі береді. Мұнда кешігіп қалмау маңызды. Өйткені арыз ҰБТ өткізетін жерде келесі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады. Және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.

- Тестілеу нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілген арызбен бірге жеке басын куәландыратын құжат, ҰБТ-ға рұқсат қағазы және жауаптар парағының көшірмесін әкелу керек, - дейді  Б.Бахтиярова. Апелляцияның екі түрі болуы мүмкін: тестілеу тапсырмасының мазмұны бойынша және техникалық себеп бойынша.

Тестілеу тапсырмасының мазмұны бойынша арыз келесі жағдайларда беріледі: дұрыс құрастырылмаған тапсырма; дұрыс жауаптың болмауы; бірнеше дұрыс жауаптың болуы. Дұрыс жауаптардың кодымен сай келетін боялған дөңгелекті сканердің 2 дөңгелек деп оқуы; боялған дөңгелекті сканердің оқымауы техникалық себептер болуы мүмкін.

Апелляциялық комиссия әр түлекпен жеке-жеке жұмыс істейді. Ол комиссия отырысына келмей қалған жағдайда, арызы қаралмайды.

ҰБТ-2013 кезінде республика бойынша 1 361 апелляция қаралып, 288-і қанағаттандырылған.

Анастасия ПАСТУХОВА

2 маусым 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.