«Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ баспасөз-конференциясын өткізді.
– Тұтынушылар өткізетін электр энергиясының мөлшері метеожағдайға байланысты. Мәселен, 2013 жылы қыс жылы, жаз салқын болды. Бұл электр энергиясының сатылуын сағатына 54 млн киловаттқа азайтуға әкеліп соқтырды (4%-ға дерлік), – деп хабарлады А. Рахманов.– Менің менеджерлерім жұмыс күнін метеоболжамды қарап шығудан бастайды. Ауа-райы қазір біз үшін қолайлы. Мамырдың аяғындағы бірнеше күнді назарға алмайтын болсақ, қала көшелерінде күн ыстық болады.
Ауа-райы қолайлы деп, президент атыраулықтардың ыстықта кондиционерлерді көп қолданатындығын меңзеп отыр.
«Атырау-Жарық» 2013 жылдың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде: жедел және өлшем мәліметтерін жинақтаудың ақпараттық жүйесін енгізу, Атырау қаласының әуе желілері мен тозығы жеткен желілерді қалпына келтіру, есептеу техникасын сатып алу, автокөлік паркін жаңғырту шараларын орындады. Атап айтқанда, тұрғын үйлерде үш мың «Аспан» маркалы заманауи есептегіштер сатып алынып, орнатылды. Олар бақылаушыларға есептегіш көрсеткішін кеңседен шықпай-ақ түсіріп алуға мүмкіндік береді.
– Біз электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесіне ауыстыруды Алмагүл ықшамауданынан және жеке сектордан бастадық. Жыл сайын осындай есептегіштер 3 мыңдап орнатылатын болады. Кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдар оларды өз қаржыларына орнатады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ