Атырау, 17 мамыр 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әлемде

Еуроодақ Иранның бірнеше спутниктік арналарын өшіріп тастады Әлемде

Еуроодақ Иранның бірнеше спутниктік арналарын өшіріп тастады

Еуропалық «Eutelsat SA» жерсерігі Иранның кейбір спутниктік арналарының хабар тарату қызметін тоқтатып тастады. Мұнда пәрменді Еуропалық комиссия берген. Бұл туралы Иранның ағылшын тілінде тәулік бойы хабар тарататын Press TV телеарнасы мәлімдеді. 16 қазан 2012, 20:13 1 760 просмотра
Неміс әншісі түрік эмигранттары туралы ән салғаны үшін жазаға тартылды Әлемде

Неміс әншісі түрік эмигранттары туралы ән салғаны үшін жазаға тартылды

Неміс әншісі Даниэл Гизэге тоғыз адамның түбіне жеткен «Ұлттық-социалистік астыртын ұйым» деп аталатын неонацистік тобы туралы ән салғаны үшін жеті айға шартты түрде жазаға кесіліп, 600 еуро айыппұл салынды, деп хабарлайды NDR. Меппен соты Gigi & Die braunen Stadtmusikanten тобының әншісін ұлт араздығын қоздырды және қылмыстық істі жақтады деп айыптап отыр. 16 қазан 2012, 20:09 2 247 просмотра
Мавританиялық әскерилер қателесіп, өз президентіне оқ жаудырды Әлемде

Мавританиялық әскерилер қателесіп, өз президентіне оқ жаудырды

Мавритания президенті Мохаммед Ульд Абдель Азиздің кортежіне әскерилер абайсызда оқ жаудырып, олауруханаға түсіп қалды. Мемлекет басшысының қолына оқ тиіп, жарақат алды, деп хабарлайды NEWSru.com сайты Reutersагенттігіне сілтеме жасап. 14 қазан 2012, 19:42 2 513 просмотра
Иран Ислам Республикасының жоғарғы рухани көшбасшысы ядролық қаруды жасауды харам деді Әлемде

Иран Ислам Республикасының жоғарғы рухани көшбасшысы ядролық қаруды жасауды харам деді

«Біз ядролық қаруды жасауға қарсымыз. Иран Ислам Республикасының жоғарғы рухани көшбасшысы ядролық қаруды жасауды харам атады. Оның пәтуасы біз үшін кез келген саяси мәселелерден де маңызды. Бүкіл әлемдегі ядролық қаруды жасауға қарсы қозғалысты ұйымдастырған біз едік. Біздің ойымызша, барлығы ұстануы тиіс үш маңызды шарт бар. Біріншіден, ядролық қаруды жою керек, екіншіден, оның таратылуын тоқтату қажет. Ал үшінші мәселе – ядролық энергия туралы білімді барлық елдер бейбіт мақсатта ғана қолданулары тиіс», - деді Рамин Мехманпараст. 14 қазан 2012, 15:42 2 489 просмотра
АҚШ пен Израильге қарсы джихад жарияланды Әлемде

АҚШ пен Израильге қарсы джихад жарияланды

"Әл Қаида" халықаралық террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Завахири діндар мұсылмандарды АҚШ пен Израилге қарсы ауқымды "қасиетті соғыс" бастауға шақырды. Радикалды ислам идеологының айтуынша, мұсылмандар Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілген "Мұсылмандардың күнәсіздігі" фильмі үшін Батыстан кек қайтаруы керек, деп хабарлайды Associated Press. 14 қазан 2012, 15:33 2 623 просмотра
Бакиевтің ұлы Ұлыбританияда ұсталды  Әлемде

Бакиевтің ұлы Ұлыбританияда ұсталды

Қырғызстанды қиындыққа қалдырып, сыртта қашып жүрген Құрманбек Бакиевтің өзі құрыққа түспегенмен, ұлы Ұлыбританияда ұсталды. Қырғыздар мен американдықтардың екі жақты шешімі бойынша Максим Бакиев тұтқындалды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.  13 қазан 2012, 02:16 2 513 просмотра
Студенттік манифестациялар Италияның 100 қаласында орын алды Әлемде

Студенттік манифестациялар Италияның 100 қаласында орын алды

Италияның 90 қаласында бүгін жаңа студенттік үкіметке қарсы манифестациялар болып өтті. Мыңдаған студенттер мен оқушылар мемлекеттік білім беруді қаржыландырудың қысқаруына қарсы наразылық көрсету белгісі ретінде Апенниннің ірі қалаларының көшелеріне шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 12 қазан 2012, 23:21 1 869 просмотра
Ұшқышсыз ұшақ ливандық «Хезболла» шиіттеріне тиесілі Әлемде

Ұшқышсыз ұшақ ливандық «Хезболла» шиіттеріне тиесілі

Таяуда Израильдің әуе кеңістігіне рұқсатсыз кірген ұшқышсыз ұшақ ливандық «Хезболла» шиіттер ұйымына тиесілі болып шықты. Бұл туралы ел Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху мәлім етті. 12 қазан 2012, 19:31 1 849 просмотра
Лондонда Англиядағы бас шіркеуден 4 есе үлкен мешіт бой көтерді Әлемде

Лондонда Англиядағы бас шіркеуден 4 есе үлкен мешіт бой көтерді

Лондонда бір мезгілде 10 мың адам құлшылық ете алатын, мұнарасының өзі 40 футқа жетеғабыл алып мешіт салынбақ. Мешіттің өз кітапханасы мен спорт нысандары, сондай-ақ, дін қызметкерлеріне арналған 8 пәтері болады. 12 қазан 2012, 15:57 2 221 просмотра
Түркия: Ұсталған ұшақта әскери жүк болған Әлемде

Түркия: Ұсталған ұшақта әскери жүк болған

Түркия Анкара әуежайына қонуға мәжбүр еткен Сирияның жолаушылар ұшағында әскери жүк болған деп мәлімдеді бейсенбіде түрік премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Сирияның сыртқы істер министрлігі ұшақта "заңсыз қару-жарақ болған" деген айыптауды теріске шығарғаны туралы ақпаратты Сирияның мемлекеттік агенттігі таратты. 12 қазан 2012, 13:53 1 760 просмотра
«Грузин арманы» Тина Канделакиге вице-премьер лауазымының ұсынылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды Әлемде

«Грузин арманы» Тина Канделакиге вице-премьер лауазымының ұсынылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге «Грузин арманы» коалициясы Грузияның болашақ үкіметінде ешқандай лауазым ұсынбаған. Грузияның сыртқы істер министрі лауазымына үміткер Майя Панджикидзенің журналистерге айтуынша, коалицияда Тина Канделакидің кандидатурасы мүлдем қарастырылмаған және ресейлік БАҚ-тың Канделаки Грузияның вице-президенті немесе байланыс және коммуникация министрі болып тағайындалуы мүмкін деген ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды REGNUM АА. 12 қазан 2012, 10:47 1 936 просмотра
Азия Ұлтшылдығы Теңізде Әлемде

Азия Ұлтшылдығы Теңізде

Шығыс Азия теңізі айдынындағы қақтығыс өрши ма? Қытайлар “Дяоюй аралы”, Жапондар “Сенкаку аралы” деп атайтын бір парша тақыр жер үшін Қытай мен Жапон ұлтшылдары найза ұштарын бір-біріне кезескен соң, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду қаласында ереуілшілер: «Жапондардың бәрін қырып-жояйық» деп ұрандасты. 11 қазан 2012, 14:19 8 956 просмотра
Корея зымырандарының ұшу радиусының ұлғаюына Мәскеу алаңдап отыр Әлемде

Корея зымырандарының ұшу радиусының ұлғаюына Мәскеу алаңдап отыр

АҚШ пен Корея Республикасы арасындағы зымыранды қару-жарақтардың негізгі көлшемдері туралы келісімнің өзгеруіне Мәскеу алаңдай бастады. Бұл туралы бүгін Ресей СІМ ресми өкілі Александр Лукашевич мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 10 қазан 2012, 09:31 1 754 просмотра
Ұлыбритания үкіметі халал өнеркәсібіне мойын бұра бастады Әлемде

Ұлыбритания үкіметі халал өнеркәсібіне мойын бұра бастады

Ұлыбритания үкіметі Бэнхэм қаласында ашылатын халал тамақ өнеркәсібінің Еуропалық паркін дамытуға 350 000 фунт стерлинг бөлді. «Үкімет бөлген қаражаттың арқасында Бэнхэмде 60 жаңа жұмыс орны ашылатын болды» деп хабарлайды islameco.  9 қазан 2012, 12:02 2 490 просмотра
Нобель сыйлығының алғашқы иегерлері анықтала бастады Әлемде

Нобель сыйлығының алғашқы иегерлері анықтала бастады

Астана. 8-қазан. BAQ.KZ. Бүгін Стокгольм қаласында Нобель сыйлығының алғашқы жеңімпаздарының аты-жөні аталды. Қос ғалымға сыйлық 15 қазан күні тапсырылады. Сыйлық қоры шамамен 1,2 млн АҚШ долларын құрайды. 8 қазан 2012, 23:33 4 311 просмотра