Атырау, 29 желтоқсан 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Түркия: Ұсталған ұшақта әскери жүк болған

1 851 просмотра

Түркия Анкара әуежайына қонуға мәжбүр еткен Сирияның жолаушылар ұшағында әскери жүк болған деп мәлімдеді бейсенбіде түрік премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Сирияның сыртқы істер министрлігі ұшақта "заңсыз қару-жарақ болған" деген айыптауды теріске шығарғаны туралы ақпаратты Сирияның мемлекеттік агенттігі таратты.

Сәрсенбі күні Мәскеуден Дамаскіге ұшып келе жатқан сириялық А-320 жолаушылар ұшағын Түркияның әскери ұшақтары Анкара әуежайына қонуға мәжбүр еткен еді. Бірнеше сағат тексерген соң Түркия ұшақтан табылған күдікті жүкті тәркілеп, ұшақты босатқанын хабарлады. 37 адамы бар ұшақ сол күні Дамаскіге ұшып кеткен.

Бұл оқиғаға байланысты Ресей үкіметі Түркиядан түсінік беруді талап еткен еді.

Дереккөз: azattyq.org

12 қазан 2012, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.