Атырау, 20 сәуір 12:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Иран Ислам Республикасының жоғарғы рухани көшбасшысы ядролық қаруды жасауды харам деді

2 479 просмотра

«Біз ядролық қаруды жасауға қарсымыз. Иран Ислам Республикасының жоғарғы рухани көшбасшысы ядролық қаруды жасауды харам атады. Оның пәтуасы біз үшін кез келген саяси мәселелерден де маңызды. Бүкіл әлемдегі ядролық қаруды жасауға қарсы қозғалысты ұйымдастырған біз едік. Біздің ойымызша, барлығы ұстануы тиіс үш маңызды шарт бар. Біріншіден, ядролық қаруды жою керек, екіншіден, оның таратылуын тоқтату қажет. Ал үшінші мәселе – ядролық энергия туралы білімді барлық елдер бейбіт мақсатта ғана қолданулары тиіс», - деді Рамин Мехманпараст.

Оның айтуынша, Иран елі ешбір заңды аттап өтіп, ешбір ережелерді бұзып көрген емес. Ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты көзқарас халықаралық көзқарас деп есептемейтінін жеткізді.

«Біз бұл «Иранның ядролық бағдарламасы» қызығушылықтарына қайшы келіп отырған бірнеше елдің көзқарасы деп есептейміз. Бұл – өздерінде ядролық қару бар елдер. Ядролық бағдарлама саласында басым қысымдық танытып отырған АҚШ-қа да қатысты. Ол ядролық қаруды қолданған жалғыз ел болып табылады. Нәтижесінде, Жапонияда бірнеше жүз мың адам қайтыс болды. АҚШ қажеттік туындаған кезде ядролық қаруды қолданатынын айтып та келе жатыр. Сондықтан, Біздің ядролық бағдарламамызға қатысты қалыптасқан көзқарас әлемдік қауымдастықтың емес, қызығушылықтарына қайшы келіп отырған елдердің пікірі деп ойлаймыз. БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі біздің бағдарламамызды қолдайды деген сенімдеміз. Біз 5+1 аясында келіссөздер жүргізуді бастағымыз келеді. Аталмыш бағытта туындаған барлық алаңдаушылықтар негізсіз екендігін айтқымыз келеді. Біздің атомды бейбіт мақсатта қолдану құқығымызға құрмет көрсетілсе екен дейміз», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: muslim.kz

14 қазан 2012, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.