Атырау, 29 желтоқсан 07:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Азия Ұлтшылдығы Теңізде

9 406 просмотра

Шығыс Азия теңізі айдынындағы қақтығыс өрши ма? Қытайлар “Дяоюй аралы”, Жапондар “Сенкаку аралы” деп атайтын бір парша тақыр жер үшін Қытай мен Жапон ұлтшылдары найза ұштарын бір-біріне кезескен соң, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду қаласында ереуілшілер: «Жапондардың бәрін қырып-жояйық» деп ұрандасты.

Осыған ұқсас түрде, Қытай мен Филиппин кемелерінің Оңтүстік Қытай теңізінің Скарборо аралындағы текетіресі Маниладағы қарсылық қимылдарын тұтандырды. Ал Оңтүстік Корея президентінің Корейлер “Токто аралы”, Жапондар “Такэсима аралы”, Құрама Штаттықтар “Лианкур жартасы” деп атайтын қылтанақсыз аралды зиярат етуі Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы ішкерілей әріптестік үміттерін көбікке айналдырды.

Алайда ауқымның қауіптілігін әсірелеуге де болмайды. Америка «АҚШ-Жапония Хауіпсіздік Шарты Келісімі» Сенкаку аралын (1972 жылы Жапонияға қайтарылған соң Окинава ауданының басқаруына берілген) қамтитындығын жариялады. Осымен бір уақытта, Скарборо араздығы да бәсеңдеді, Токто мажырасынан кейін Жапония Оңтүстік Кореядағы елшісін қайтарып әкеткенімен, екі ел арасында соғыс туылу мүмкіндігі аз.

Қытай мемлекеті биыл және Камбоджада ашылған Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері Қауымдастығы (АСЕАН) саммитінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі қимыл ережелерін түзуді дәріптейтін ең соңғы қортынды мәлімдемесін жариялауын сәтті түрде тежей алды, бұл Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері Қауымдастығының 40 жылдық тарихында тұңғыш рет бірлескен мәлімдеме жариялай алмауы болды.

Мемлекет қорғанысына талдау жасаушы кейбір Америкалық қайраткерлер Қытай елінің теңіз-мұхит стратегиясы айқын түрде шабуылдаушылдық сипатқа ие деп қарайды. Бұл стратегия мемлекет қорғанысы қаражатын көбейтуді, зымырандар мен теңізасты техникасын озықтандыруды, осы арқылы Қытай елінің теңіз жағалауынан тартып Тайван мен Жапонияға дейінгі “бірінші арал тізбегі” жатқан теңіз айдынын құрсаулауды мақсат етеді.

Басқа бір бөлім қайраткерлер Қытай елінің стратегиясы қайшылықты, қалаймақан, әрі өзара қарама-қарсы бюрократтық мүдделерге толы деп қарайды. Бұл қайраткелер Қытайдың 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан кейінгі лепірмешілдік саясатының теріс нәтижелерін атап көрсетті. Шындығында, Қытай мемлекетінің саясаты өзі мен барлық көрші мемлекеттерінің қатынасына залалын тигізді.

Мысалға, 2010 жылғы Сенкаку оқиғасын айтсақ, теңіз күзеті кемесіне соғылған Қытай кемесінің бастығын Жапония тұтқындағаннан кейін, Қытай мемлекеті экономикалық өш алуын қатаңдатты. Нәтижеде бейне бір Жапон талдаушысы айтқанындай, “Қытай өз қақпасына өзі гол соқты”, яғни Жапонияның биліктегі Демократтар Партиясының Жапон-Қытай арасына жүргізіп отырған қоңырсалқын саясатты бұрмалады. Жалпылай айтқанда, Қытай мемлекеті неше миллиярд юан сарып етуінің бодауына Азиядағы жұмсақ күшін арттырғанымен, алайда оның Оңтүстік Қытай теңізіндегі қылықтары әуелде жеткізбекші болған ишарасына қайшы болды.

Мен Қытай достарымнан және ондағы лауазымды адамдардан Қытай мемлекетінің не үшін бұндай қайшылықты саясат жүргізетіндігінің себебін сұрап көрдім. Олардың берген ресми жауабы болса Қытай мемлекеті Ұлттық Қауым Партиясы (Гоминьдан) кезінде сызылған картаны және территория талабын жалғастырып отыр деген жауап болды, картадағы “тоғыз тал үзік сызық” тұтас Оңтүстік Қытай теңізін Қытай мемлекетінің территориясы ішіне қоршаған еді. Бүгінгі таңда, теңіз асты техникасының дамуына және қатысты теңіз алабы балықшылық ресурстарының ашылуына ілесе, бұл байлықтарға ие болудан уаз кешуі тіпті де мүмкін болмай қалды. 2009, 2010 жылдары кейбір орта жіктегі лауазымдылар мен шолушылар Оңтүстік Қытай теңізін бейне Тайван мен Тибет қатарында Қытай мемлекетінің “өзекті мүдде” аумағына енгізді.

Алайда Қытай мемлекеті басшылығы “тоғыз тал үзік сызықтың” нақты орнын тұрақтандырған емес, әрі өздерінің талаптарының тек белгілі бір жербедері әлде тіпті де кең теңіз айдыны мен құрлық жүлгесі екендігін анық тұрақтандырып ашық айтқан емес. Қытай мемлекетінің талапты не себепті айқындастырмай отырғандығының себебі сұралғанда, Қытай сұхбат берушілері кейде бұл мүшкіл саяси және бюрократтық рақайласуды қажет ететіндігін және ел ішіндегі ұлтшылдарды тітіркендіруінің мүмкін екендігін айтады.

Бұдан сырт, олар кейде Қытай тарапының көзір қартаны қолдарынан ерте шығарғысы келмейтіндіктерін айтады. 1995 және 2010 жылдары, Америка Оңтүстік Қытай теңізінің «1982 жылғы БҰҰ Теңіз-Мұхит Келісімі Ережесі» бойынша басқарылуға бойсұнуын мәлімдеді (қызықтысы АҚШ бүгінге дейін бұл келісімді ратификациялаған емес), алайда АҚШ территория талабы туралы өз тұрғысын аңғартпайды, Керісінше, дау-дамайлы территория талаптарын келіссөздер арқылы шешуге қузап келеді.

2002 жылы, Қытай мемлекеті мен Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері Қауымдастығы қақтығыстар туралы заңдық шектеу күші болмаған басқару ережесінде бірлікке келді, алайда ірі ел болу сипатымен, Қытай мемлекеті кіші мемлекеттермен екіжақты ғана келіссөздерді өткізу тіпті де көп пайдаға кенелтеді деп қарады. Осы идеяға негізделе отырып, Қытай мемлекеті Камбоджаға қысым түсіріп Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері Қауымдастығының ең соңғы мәлімдемесін жариялауын тосып қалды.

Алайда бұл бір қате саясат болды. Ірі ел болу салауатымен Қытай мемлекетінің кезкелген жағдайда өте үлкен ықпал күші бар, Қимыл Ережесіне қол қою арқылы өзі өзіне зиян салуын меңгере алар еді.

Сенкаку/Дяоюй аралы мәселесі хақында ең жақсы ұсыныс «The Economist» журналынан келді. Қытай мемлекеті үкімет кемелерін Жапония теңіз айдынына барғызудан сақтануы әрі Жапонияға бағытталған жедел линия құрып, ұлтшыл «ковбойлар» тудыратын дағдарысты меңгеруі тиіс. Сонымен бір уақытта, екі ел Шығыс Қытай теңізіндегі таластағы мұнай айдынын бірігіп пайдалануды қайтадан бастаулары керек, Жапония орталық үкіметі бұл қылтанақсыз аралды жеке тұлғадан сатып алып, оны халықаралық теңіз-мұхит қорғау айдыны ететіндігін жариялауы керек.

Дерек авторы Жозеф С.Най Гарвард университетіның профессоры. Аударған: Ерен Есен

Дереккөз: baq.kz

11 қазан 2012, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.