Атырау, 29 желтоқсан 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Корея зымырандарының ұшу радиусының ұлғаюына Мәскеу алаңдап отыр

1 828 просмотра

АҚШ пен Корея Республикасы арасындағы зымыранды қару-жарақтардың негізгі көлшемдері туралы келісімнің өзгеруіне Мәскеу алаңдай бастады. Бұл туралы бүгін Ресей СІМ ресми өкілі Александр Лукашевич мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Оның айтуынша, әлемде ұлттық зымыранды-ғарыштық, оның ішінде әскери мақсаттағы, бағдарламаларды жүзеге асыруға заңды түрде шектеу қоятын әмбебап шаралар жоқ, алайда Ресей Корея түбегі мен қару-жарақ жарысының жаңа саласындағы онсыз да тұрақсыз жағдайды ушықтыра түсетін Корея Республикасы басшылығының мұндай кереғар ниетіне үзілді-кесілді қарсы. Осыған орай Ресей Корея Республикасын АҚШ қолдап отырған зымырандық әлеуетін өсіру туралы ойынан бас тартуға шақырады.

Мәскеу сенім артқандай, Солтүстік-Шығыс Азиядағы мәселелерді шешудің жалғыз жолы – аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен өзара ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында алты жақты келіссөз жүргізу үдерісін жандандыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында тек қана әскери әрекеттерге жүгінуден келісе отырып бас тарту қажет.

Дереккөз: bnews.kz

10 қазан 2012, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.