Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатында бір топ қарулы қарақшылар мешітке келгендерге оқ жаудырып, 22 тұрғынды мерт қылды.
Тергеушілердің мәлімдеуінше, олар мұндай әрекет арқылы ауылдың адамдарынан өз достары үшін кек алған. Бұған дейін жергілікті халық осы қылмыскерлердің 4 сыбайласын полицияға ұстап берген. Қаныпезерлер дәл осы адамдарды іздеп келіп, ауылға ертемен лап қойған. Қақтығыс кезінде қарақшылардың екеуі мерт болды.