Атырау, 2 желтоқсан 01:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Бакиевтің ұлы кепілге босатылды

1 866 просмотра
 
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Лондонда ұсталған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев кепілге босатылды.

 Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі растаған.

Associated Press агенттігі бұған дейін 12 қазанда Лондонда ұсталған Бакиевтің 7 желтоқсанда болатын сотқа дейін кепілге босатылғанын хабарлаған.

Ұлыбритания үкіметі Максим Бакиевті өткен аптада Қырғызстан мен АҚШ үкіметтерінің сұрауы бойынша қамаған.

Қырғызстанда Максим Бакиевке бірнеше айып тағылған. Олардың арасында мемлекеттің бірнеше миллион доллар қаржысын талан-таражға салған деген айып та бар.

Ал ресми Вашингтон Бакиевке АҚШ заңдарын бұзды деген бірнеше бап бойынша айып тақпақ болып, Ұлыбританиядан оны өзіне тапсыруды сұрады.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

16 қазан 2012, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.