Атырау, 27 желтоқсан 02:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ұлыбританияда Facebook компаниясының салық жалтаруына қатысты шу шықты

2 026 просмотра

Ұлыбританияда Facebook компаниясының табысы мен төлеген салығының сәйкессіздігіне қатысты шу шықты. Бұл туралы бүгін Independent газеті хабарлады.

Басылымның ақпаратына қарағанда, жүздеген миллион доллар табатын әлеуметтік желі ағылшын қазынасына 238 мың фунт (380 мың доллар) көлемінде ғана салық төлеген. Елдегі салық заңнамасынан жалтару үшін Facebook корпорациясы жарнама берушілермен келісімді Ирландия аумағы арқылы рәсімдеген, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Марк Цукербергтің компаниясы Ұлыбританияда айналымда 20,4 млн фунт (32,7 млн доллар) бар екенін көрсетіп, осы табыстан салық төлеген. Айтып өтерлігі мұнда салық мөлшері 19-30% шамасында белгіленген. Ал басылым сарапшыларының пікірінше, рәсімдемелерден тапқан табысы 175 млн фунтқа (280 млн доллар) жетеді. Демек компания басшылығының экономикалық жағдайдың нашар екені туралы айтуы шындыққа жанаспайды, деп жазады басылым.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг осыдан бірнеше күн бұрын 1 млрд қолданушының болғанына қарамастан, онлайн-сервис қазір тиісті деңгейде емес екендігін мәлімдеген. 28 жасар миллиардер «қазір жағдайдың ауыр екені анық, бұл көңіл күйімізге әсер етпей қоймайды», депті.

Компания басшысының сөзіне қарағанда, төрт мыңнан аса қызметкердің барлығы қазір әлеуметтік желінің жағдайының мәз емес екенінен хабардар.

Цукербергтің бұл мәлімдемесі компания акцияларының құны едәуір құлдырауымен байланысты болса керек. Ағымдағы жылдың мамыр айында биржада корпорацияның құнды қағазы 38 доллардан 40% аса төмендеп кеткен.

Дереккөз: bnews.kz

11 қазан 2012, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.