Астана. 8-қазан. BAQ.KZ. Бүгін Стокгольм қаласында Нобель сыйлығының алғашқы жеңімпаздарының аты-жөні аталды. Қос ғалымға сыйлық 15 қазан күні тапсырылады. Сыйлық қоры шамамен 1,2 млн. АҚШ долларын құрайды.
Олар - жапондық Синья Яманака мен британдық Джон Гердон сынды физиология және медицина саласының ғалымдары. Биологтар Нобель сыйлығын бағаналы жасушалар туралы зерттеулері үшін алды. Олар бұл жасушалардың әрекетін плюрипотентті түрде өзгертуге болатынын дәлелдеген.
Джон Гердон Англияда сэр деген мәртебелі атаққа ие. Қос ғалым да бірнеше жылдан бері Нобель сыйлығына үміткерлер қатарынан түскен емес, Нобель комитеті олардың ашқан жаңалығын"ғылымда төңкеріс жасады" деп атап өткен.
Дереккөз: baq.kz