Фото дереккөзі: mg.lenta.ruТүркияның шығысындағы газ құбырында болған үлкен жарылыс Түркиядан Иранға табиғи газдың жеткізілуін тоқтатып тұр, деп жазады түріктің Hurriyet газеті.
Магистральді құбырдың жарылысы Агри провинциясында орын алды, деп хабарлайды «Нефть России». Газет мәліметі бойынша, жарылыс Күрді жұмысшылар партиясының (КЖП) жауынгерлері жасаған лаңкестік салдарынан болды.
Газ құбыры бойынша Ираннан Түркияға тәулігіне 27 млн текшеметр табиғи газ жеткізіліп тұратын. Зақымдалған құбырды қалпына келтіруге кем дегенде төрт тәулік кетеді деп болжануда.
Дереккөз: bnews.kz