Атырау, 24 қараша 16:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Португалдықтар Еуроодақтың қатаң үнемдеу шараларына қарсылығын білдірді

1 795 просмотра

Португалияда 10 мыңнан астам наразы халық шеруге шықты. Еуроодақтың қатаң үнемдеу шараларына қарсылығын білдірген шерушілер Лиссабон көшелерімен жүріп өтті.

Парламент үйіне бет алған наразы топ Еуроодақтың үштігіне қарсылықтарын білдіріп ұрандатты. Олар елдегі ахуалға Халықаралық валюта қоры, еуропалық орталық банк және еупопалық комиссияны айыптайды. Еуроодақтан көмек алу үшін Үкімет 2 миллиард мемлекеттік қарызды жабуы тиіс. Осыған байланысты елде жалақы мөлшері күрт төмендеп, салық жарнасы өсіп, жаппай қысқартулар болып жатыр. Жалпы Португалияда жұмыссыздықтың деңгейі 16%-ға өскен. Өз отанында жұмыс таппаған жастар шетелге кетуге мәжбүр.

Дереккөз: 24.kz

14 қазан 2012, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.