Атырау, 22 қараша 01:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Грузин арманы» Тина Канделакиге вице-премьер лауазымының ұсынылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

2 001 просмотра

Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге «Грузин арманы» коалициясы Грузияның болашақ үкіметінде ешқандай лауазым ұсынбаған. Грузияның сыртқы істер министрі лауазымына үміткер Майя Панджикидзенің журналистерге айтуынша, коалицияда Тина Канделакидің кандидатурасы мүлдем қарастырылмаған және ресейлік БАҚ-тың Канделаки Грузияның вице-президенті немесе байланыс және коммуникация министрі болып тағайындалуы мүмкін деген ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды REGNUM АА.

Панджикидзе бұл шалағай ақпарат деп, журналистерді әлеуметтік желілерде таратылатын хабарламалар мен қауесеттерге сүйенбеуге шақырды.

Бұдан бұрын ресейлік басылымдардың бірі Грузияның әлі қалыптасып болмаған «жаңа министрлер кабинетіндегі сенімді дереккөздеріне» сілтеме жасай отырып, «Тина Канделакиге вице-премьер мен байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі лауазымы ұсынылды» деп хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Канделаки жуырда «жаңа премьер-министр» (әлі бекітілмеген) Бидзина Иванишвилимен келіссөздер жүргізу үшін Тбилисиге ұшып шығады делінген.

REGNUM АА хабарлағандай, Грузияның министрлер кабинеті құрамында байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі лауазымы мүлдем жоқ. «Раушандар төңкерісіне» дейін (2003 жылдың соңына дейін) Грузия үкіметінде көлік және коммуникация министрлігі жұмыс жасаған, ол төңкерістен кейін таратылып, бөлімшелері экономикалық даму министрлігіне өткен. Сайлауда жеңген «Грузин арманы» коалициясында жаңа министрліктер немесе ведомстволар құру туралы сөз болған емес, тіпті экономикалық блоктағы бірқатар минитрліктерді біріктіру және оңтайлндыру мүмкіндікі туралы мәлімдемелер айтылуда.

Сондай-ақ, президент Михаил Саакашвилидің бастамасымен құрылған жаңа құрылым – еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік министр аппаратын тарату да сөз болып жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

12 қазан 2012, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.