Атырау, 26 желтоқсан 15:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бакиевтің ұлы Ұлыбританияда ұсталды

2 589 просмотра

Қырғызстанды қиындыққа қалдырып, сыртта қашып жүрген Құрманбек Бакиевтің өзі құрыққа түспегенмен, ұлы Ұлыбританияда ұсталды. Қырғыздар мен американдықтардың екі жақты шешімі бойынша Максим Бакиев тұтқындалды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің айтуынша, Қырғызстан мен Ұлыбритания арасында экстрадициялық келісім жоқ. Сондықтан Максим Бакиевті экстрадициялау мәселесі Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы шешімге сай жүріп жатыр. АҚШ заңына сәйкес Максим Бакиевті ұзақ мерзімге қамауға алуы мүмкін.

Максим Бакиев Ұлыбританияға 2010 жылдың 13-маусымында келген. Естеріңізде болса, Қырғыз билігі Бакиевтер әулеті мемлекеттің қазынасын жымқырды деген айыппен сырттай соттап жіберген еді.

Дереккөз: baq.kz                                   

13 қазан 2012, 02:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.