Атырау, 26 сәуір 01:45
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Нобель сыйлығы қытай жазушысына берілді

2 014 просмотра

Қытай жазушысы Мо Янь әдебиет саласы бойынша 2012 жылғы Нобель сыйлығының иегері атанды. 

Бүгін жария етілген Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде жазушының өз шығармаларында «галлюцинаторлық реализмді халық ертегілерімен, тарихпен және қазіргі заманмен ұштастыра білгені» айтылған, деп жазады «Азаттық» радиосы.

Әдеби туындыларын Мо Янь деген лақап атпен шығаратын 57 жастағы қытай жазушысының шын аты-жөні - Гуань Мое. Ол Гонконг ашық университетінің құрметті докторы. Жазушының туындыларының желісі бойынша бұған дейін бірнеше көркем фильм де түсірілген. Солардың арасында 1988 жылы түсірілген «Қызыл гаолян» фильмі әлемнің көптеген елдерінде көрсетілді.

Дереккөз: bnews.kz

11 қазан 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.