Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Еуроодақ Иранның бірнеше спутниктік арналарын өшіріп тастады

1 826 просмотра
Еуроодақ Иранның бірнеше спутниктік арналарын өшіріп тастады

Еуропалық «Eutelsat SA» жерсерігі Иранның кейбір спутниктік арналарының хабар тарату қызметін тоқтатып тастады. Мұнда пәрменді Еуропалық комиссия берген. Бұл туралы Иранның ағылшын тілінде тәулік бойы хабар тарататын Press TV телеарнасы мәлімдеді.

Иранның жерсерігі арқылы таралатын арналарын жиілік қатарынан шығару жұмысын британиялық Arqiva медиа қызметтер көрсету компаниясының мамандары жүзеге асырған.

Arqiva басшылығы Press TV телеарнасына жолдаған хатында мұндай шешімді Еуропалық Одақ Кеңесі шығарғанын атап көрсеткен.

«Eutelsat SA» аймақтық менеджері Карен Бадалов: «Біз келісім-шарттарды бұздық, себебі Еуропалық комиссияның нұсқауы сондай болды. Біз оларды тыңдауға міндеттіміз», - дейді.

Еуропалық жерсеріктен алынып тасталған Иран арналарының арасында Press TV, al-Alam, Jam-e-Jam 1 және 2, Sahar 1 және 2, Иран Ислам Республикасының жаңалықтар желісі, Құран ТВ, және Араб тіліндегі al-Kawthar телеарналары бар.

Осылайша, парсы елінің үні әлем бойынша таралу мүмкіндігінен айрылып отыр.

Халықаралық бақылаушылар болса, Еуропалық Одақтың бұл қадамы сөз бостандығына қарсы бағытталған әрекет деп бағалады.

Дереккөз: muslim.kz

16 қазан 2012, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.