Италияның 90 қаласында бүгін жаңа студенттік үкіметке қарсы манифестациялар болып өтті. Мыңдаған студенттер мен оқушылар мемлекеттік білім беруді қаржыландырудың қысқаруына қарсы наразылық көрсету белгісі ретінде Апенниннің ірі қалаларының көшелеріне шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Бір апта бұрын ғана итальяндық жастар қазіргі Марио Монтидің техникалық үкіметінің саясатына қарсы шыққан болатын, оның саясаты жастардың айтуынша, мемлекеттік мектептер мен университеттерге зардабын тигізе отырып, жеке оқу орындарының дамуына жәрдемдесуді жалғастыруда.
Алдыңғы акциядан айырмашылығы, әзірге полициямен қақтығысу туралы хабар жоқ, манифестациялар ірі мегаполистер – Рим мен Миланда өмір мен қозғалысты қатты шектегенмен, бейбіт негізде өтіп жатыр, аталмыш қалаларда шеру салдарынан жолдардың көбі жабылып, қоғамдық көліктердің бағыттары өзгертілді.
Дереккөз: bnews.kz