Таяуда Израильдің әуе кеңістігіне рұқсатсыз кірген ұшқышсыз ұшақ ливандық «Хезболла» шиіттер ұйымына тиесілі болып шықты. Бұл туралы ел Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху мәлім етті.
Мәлімдемеге сәйкес, топ лидері Хасан Насрулла ұшақтың ұйымға тиесілі екенін толық мойындады. Естеріңізге салсақ, сенбі күні Израильдің әуе күштері белгісіз ұшақты жойған болатын. Аппарат Израиль көгінде 23 минут қалықтап жүрген.
Хасан НАСРАЛЛА, «Хезболла» ұйымының лидері:
- Ұшқышсыз ұшақтарды жіберуге құқығымыз бар. Палестинадан алынған аппараттарды осы уақытқа дейін пайдаланып келеміз. Бұл соңғы сапар емес.
Дереккөз: www.24.kz