Атырау, 29 желтоқсан 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

АҚШ пен Израильге қарсы джихад жарияланды

2 706 просмотра

"Әл Қаида" халықаралық террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Завахири діндар мұсылмандарды АҚШ пен Израилге қарсы ауқымды "қасиетті соғыс" бастауға шақырды. Радикалды ислам идеологының айтуынша, мұсылмандар Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілген "Мұсылмандардың күнәсіздігі" фильмі үшін Батыстан кек қайтаруы керек, деп хабарлайды Associated Press.

Сондай-ақ Әл-Завахири ливиялық Бенгазидегі америкалық дипломатиялық өкілдігін басып алу мен тонауға қатысқан демонстранттарды "адал әрі берік" деп атады. Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте демонстранттардың елшілікті басып алуы кезінде АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенс пен тағы үш дипломат өлтірілген болатын.

Дереккөз: ult.kz                                      

14 қазан 2012, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.