Атырау, 29 желтоқсан 16:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мысыр халқы президентке наразылықтарын білдірді

2 837 просмотра

Мысырда ел Президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болды. Бұл қақтығыс кеше жұма намазынан кейін басталды.

Президенттің қарсыластары Мурсидің жүргізген саясатына, сонымен қатар жаңа Ата Заңға, елдегі жалақы мөлшерінің төмендігіне наразылығын білдірді. Шерушілер жаңа Президент билікке келгелі халықтың жағдайы еш өзгермеді дейді. Бұндай жаппай шерулер елдің басқа қалаларында да өтті. 

Бүлікшілер бір-біріне тас жаудырып, Мурсидің бейнесі салынған қапты жыртып, аяқтың астына таптап, жақын маңда тұрған екі автобусты жағып жіберді. Осының салдарынан 100-ден астам адам жарақат алған. Жақын маңдағы ауруханаларға келіп түскендердің ішінде оқ тигендері де бар.

Дереккөз: 24.kz

13 қазан 2012, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.