Солтүстік Кореяның үгіт-насихат плакатыСолтүстік Корея қолында АҚШ жерін талқандауға күші жететін құрлықаралық баллистикалық зымыран барын жариялап отыр.
Солтүстік Корея мемлекетінің қорғаныс комитетінің ресми өкілінің айтуынша, зымыранның күші Американың әскери базасын ғана емес, оның Корея, Жапония,Гуам аралдарын талқандауға жететін көрінеді. Тіпті, АҚШ-тың күллі даласын жарып жіберуге күші бар екен.
"Тхэпходонг-2" баллистикалық зымыраны ұзақ қашықтыққа ұшқанмен, оны алғашқы сынақтан өткізу шаралары сәтсіз өткен.
Солтүстік Кореяның зымыран жасап шығуына әсер еткен басты фактор АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға 300-ден 800 шақырымға дейін ұшатын зымырандар жасап шығаруға рұқсат бергендігінен пайда болды.Бүгінде Оңтүстік Корея жасап шығарған зымыран шеңберінің радиусында Солтүстік Корея, Қытай және Жапония жатыр.
Дереккөз: baq.kz