Сионистік режим армиясының Газа секторына жасаған әуе шабуылдарында шәһид болғандардың саны бес адамға артты.
«Әл-Ресале нет» интернет торабының хабарлауы бойынша, жексенбі күні сионистік режим армиясының белгісіз бір ұшағы Газа секторының орталығындағы Дир ал-Балх қаласының Әбу Абиде кесенесіне жақын жерде бірқатар Палестина тұрғындарын бір зымыран атып, нысанаға алған. Палестиналық басшылардың айтуы бойынша, соңғы күндері сионистік режим Палестинаның басып алынған жерлеріндегі ішкі мәселелерден қоғамдық пікірді алыстату үшін Газаға шабуылдарды көбейтіп отыр.
Дереккөз: kazakh.irib.ir