Мавритания президенті Мохаммед Ульд Абдель Азиздің кортежіне әскерилер абайсызда оқ жаудырып, олауруханаға түсіп қалды. Мемлекет басшысының қолына оқ тиіп, жарақат алды, деп хабарлайды NEWSru.com сайты Reutersагенттігіне сілтеме жасап.
Әуелі президентке сенбі күні кешкісін ел астанасы Нуакшотта қастық жасалды деп хабарланған болатын. Бұл қауесеттен соң, шабуыл әрекетіне исламшылар кінәлі деп айыпталды.
Куә болғандар қауіпсіздік күштері мемлекет басшысы жатқан әскери ауруханаға баратын көше жолдарын жауып тастады деп әңгімеледі.
Кейін билік өкілдері бақытсыз жағдайдың орын алғанын жариялады: әскери патруль өз көшбасшысының автокөлік колоннасын танымай қалып, машиналарға оқ атқан.
«Президент жеңіл жараланды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті ел үкіметі.
Дереккөз: news.mail.ru