Экология Қаламқас қасымызда Биыл 13 наурызда Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылады. Ал 22 мамырда су-газ қоспасы (грифон) қайта атқылап, қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізді. Грифонның қаупі қандай және Атырау өңіріндегі мұндай төтенше жағдайдың болу ықтималдылығы қаншалықты жоғары? 3 маусым 2019, 18:00 4 454 просмотра
Экология Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен «Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы 2018 жылғы ауа сапасының бақылау қорытындысын жариялады. Атмосфераның ластануы жағынан Атырау қаласы екінші орында тұр екен, ал бірінші орын Өскемен қаласына бұйырған. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында бір жылда 1530 ең жоғарғы және 64 экстремалдық жоғары ластану оқиғасы орын алған болса, мұнайлы астанада бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 1102 және 177-ге жеткен. Батыс пен Шығыс аймақтарын байланыстыратын тағы бір нәрсе – екі қаланың тұрғындары да күкіртсутегімен уланып отыр. 16 сәуір 2019, 17:12 5 716 просмотра
Экология АМӨЗ-ге қалдық сулар үшін айыппұл салынды Атырау облыстық экология департаменті экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін АМӨЗ-ге 31,5 млн теңге айыппұл салды. Департаменттің жоспардан тыс тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша зауытқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 331-бабы («Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау») және 328-бабына («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») сәйкес әкімшілік істер қозғалды. Бірінші бап бойынша айыппұл 252 500 теңге, екінші бап бойынша – 31 374 501 теңге. 12 сәуір 2019, 15:33 4 338 просмотра
Экология Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар Өткен аптада жергілікті экология жанаршырлары Жайық жағасынан қосжақтаулы ұлулардың бос бақалшақтарын тауып алып, өзен органикалық ластанудан тазартатын биосүзгілерден айырылып жатыр деп дабыл қақты. «Бұл жақында болған балықтың қырылуымен байланысты емес пе екен?» деген заңды сұрақ туындайды. 3 сәуір 2019, 16:34 4 291 просмотра
Экология Тағы да сасық иіс «АЖ»-ға белгісіз газдың және шіріген жұмыртқаның иісіне шағымданған Атыраудың бірнеше тұрғыны хабарласты. Олардың айтуынша, 13-14 наурызда экологиялық ахуал нашарлаған. «AЖ» экология департаментінен тексеру жүргізіп, мониторинг станцияларындағы сол тәуліктердің деректерін ұсынуды өтінген еді. Алайда бұл ұсыныс қабыл алынбады. 17 наурыз 2019, 19:47 3 215 просмотра
Экология Жайық өзенінде балық қырылуына қатысты 10 сауал Желіде Атырау облысы тұрғындары жиі қоятын сұрақтарға жауаптар пайда болды. Бейнежазба 11 наурыз 2019, 20:15 3 822 просмотра
Экология Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің қатысуымен балықтың жаппай қырылуын тексеруге арналған ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткен болатын. Соның ішінде, билік өзен жағалауын өлі балықтан тазартуға ниет білдірген бастамашыл қала тұрғындарына қолдау білдіріп, ұйымдастыру жағынан көмектесуге әзір. 9 наурыз 2019, 22:46 3 710 просмотра
Экология Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой" Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді. 13 қаңтар 2019, 12:59 6 061 просмотра
Экология Министр Атырау тұрғынына жауап берді Атырау тұрғыны Асқар ҚҰСАЙЫНОВ ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ (суретте) блогына хат жолдаған еді: «Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылып жатқаны жайлы дабыл қағады. Өйткені, Жайық өзені Батыс Қазақстандағы бірден бір тұщы су көзі. Бұрын-соңды болмаған балықтардың жаппай қырылуы табиғи апаттан емес, адам әрекетінен орын алып отыр. Бұл мұнай мен газ өндіруші компаниялар шоғырланған, сонымен бірге экологиялық зиянды заттар бөлініп жатқан Каспий өңірінде болып жатыр. Тексеру жүргізіп, проблема көзін анықтауды; мұнай өндіруші компанияларға қоршаған ортаға, әсіресе, су айдындарына зиянды заттар тастауға тыйым салуды; Жайық өзені суының жарамдылығын тексеріп, балық популяциясын қалпына келтіру секілді шаралар алуыңызды өтінемін”. 22 желтоқсан 2018, 00:46 4 635 просмотра
Экология Жайықта балықтар тағы да қырылуда Бүгін, 18 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Балықшы көпірінің астында қырылып жатқан балықтар туралы жаңа бейнежазба пайда болды. Бұдан бұрын бұл жер аммиактан өліп, шіріп жатқан балықтардан тазартылған еді. Су бетінде бірнеше өлі балық қалқып жүр, тағы бірнешеуі шала жансар күйде. Демек, су тазаланбаған немесе өзен әлі ластанып жатыр. Сурет Бейнежазба 18 желтоқсан 2018, 21:24 4 944 просмотра
Экология Бізде балық қай кезде және қалай қырылды? Жайықтағы балықтар қырылып жатқан оқиғалар аясында «АЖ» біздің өңіріміздегі соңғы 7 жыл ішіндегі ұқсас оқиғаларды еске түсірді. Бейнежазба 12 желтоқсан 2018, 09:20 3 702 просмотра
Экология Бұл ыстық түбімізге жетеді Бұл хат «АЖ»-ға көптеген мақалаларымен таныс құрметті авторымыздан келді. Оқырмандар, өздеріңіз танысып шығыңыздар. 2018 жылдың жазында Атырау облысында және Атырау қаласында желсіз экстремалды аптап ыстық көп болды. Күндіз ауа температурасы көлеңкеде 37-420С-ге жетсе, күн көзінде 500С-ден жоғары болды. Көшелердегі асфальт пен кеспе тастар 60-70°C-ге дейін қызды, ал түнде күндізгі қабылдаған ыстық атмосфераға шығады. Ауада оттегі азайып, тыныс алу қиынға соғады. 5 тамыз 2018, 14:35 4 873 просмотра
Экология "Ақжайық" резерватындағы қамыс өртеніп жатыр Бүгін, 16 шілде, кешкісін әр нәрседен (зауыт, Қашаған және басқалардан) қорқып қалған Атырауды түтін тұмшалап, ыстың иісі жайылды. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2018, 21:53 5 864 просмотра
Экология Теңіздегі дабыл-2 Атырау облыстық экология департаменті «АЖ» тілшісіне Теңіз кенішінде орын алған таяудағы оқиғаны растады. Осы мемлекеттік органның мамандары тиісті тексеру жүргізуге кірісті, енді олар атмосфераға күтпеген жерден тасталған ластаушы заттардың мөлшерін анықтауы керек. 26 маусым 2018, 19:32 3 517 просмотра
Экология Экологияға әсер етуші ауа райы да болжанады Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК өз сайтында ауа райымен қатар, 24 қаланың, оның ішінде Атыраудың экологиясы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжамын ұсынады. Біз үшін бұл тақырып өте өзекті, сондықтан «АЖ» Астанадағы РМК бас кеңсесіне суал жолдаған болатын. 30 сәуір 2018, 14:09 4 721 просмотра
Экология Экология бойынша айыппұлдар Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ брифинг өткізді (суретте). 14 маусым 2017, 18:00 5 242 просмотра
Экология Біздің экологтар немен айналысуда? Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ 30 мамырда ТШО зауытында орын алған оқиғаға комментарий берді. 31 мамыр 2017, 13:15 6 804 просмотра
Экология Теңізде күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр Оқырмандар «АЖ»-ға табиғат пайдаланушылардың экологияны бұзып жатқаны туралы хабарламалар жолдауды жалғастыруда. Сурет Бейнежазба 30 мамыр 2017, 14:41 10 929 просмотра
Экология Дабылды қоңыраулар Бір ай жарым уақыт бұрын «АЖ» экология департаментіне Атырау қаласындағы ауа сапасының нащарлауына байланысты табиғат пайдаланушыларға тексеру жүргізу туралы редакцияның төрт сауалын жолдаған еді. 16 мамыр 2017, 16:26 5 046 просмотра
Экология Қоқыстан да ақша жасауға болады Жеті жасына келгенде ресайклингтен (қайталама кәдеге жарату) өз компаниясын құрған американдық сәби туралы бейнежазбадан кейін екінші сынып оқитын ұлымның да қалдықтарды жинау және қайта өңдеу идеясына құштарлығы артты. Бірақ проблема туындады – мен қайталама шикізатты қабылдайтын бірде-бір нүктені білмейтін едім. Сурет 20 сәуір 2017, 16:29 11 166 просмотра
Экология Атырауда жасыл-желекті қалай өсіруге болады? Қалай өз аулаңды көгалдандырып, жақсы өнім алуға болады? Ең алдымен учаскедегі тұзды судан құтылып, топырақты тұщы сумен қанықтыру керек. Сурет 18 сәуір 2017, 09:38 8 053 просмотра
Экология «Өлі балықтарды зерттеу мүмкін емес» 22 наурызда «АЖ» сайтында Жылыой ауданындағы балықтардың жаппай қырылуы туралы бейнежазба («Өзіме де, өзгеге де жоқ») жарияланған еді. Бейнежазба 3 сәуір 2017, 17:14 5 017 просмотра
Экология АМӨЗ-ді жаңғырту жөніндегі тыңдау: Перетаска, обком комиссиясы және 88-жылғы жарылыс 15 наурызда «Ренессанс» қонақ үйінде «АМӨЗ-дегі мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) құрылысы» жобасын түзету шеңберінде қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жобасы бойынша жұртшылық тыңдауы өтті. Сурет 16 наурыз 2017, 23:53 6 625 просмотра
Экология «Қанша керек болса», сонша алау өртеледі 24 ақпанда «АЖ» сайтында мұнай дайындайтын «Болашақ» зауытында газдың енді бір емес, екі алауда өртеліп жатқаны туралы бейнежазба жарияланды. 6 наурыз 2017, 10:52 4 140 просмотра
Экология «Болашақта» екінші алау жанды ма? «АЖ» редакциясына Қарабатанда орналасқан «Болашақ» мұнай дайындау зауытының бейнежазбасы келіп түсті. Бұл жерде екі алау жағылуда, түтін аспанға жайылған. Автордың айтуынша, бейнежазба 2017 жылдың 23 ақпанында түсірілген. Бейнежазба 24 ақпан 2017, 17:24 4 876 просмотра