Атырау, 10 қазан 20:14
 дождьВ Атырау +25
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Индерде ауыз су қайта қосылды

975 рет қаралды


7 мамыр сағат 13:50-де Индербор кентіндегі қуаты тәулігіне 2400 м 3/с болатын су тазарту қондырғысының бірінші көтерілім құбыры үзілді. 

Бұл жағдай өзен арнасында ірі-ірі томарлардың кептетіліп қалуынан туындаған. Ағаштар жиналып, жөндеу жүргізілгеннен кейін су түнгі сағат 00:00-де қайта беріле бастады. 

Жалпы Индербор кентінде 4500 абонент бар. Оның ішінде Болашақ және Шығыс мөлтек аудандарындағы 700 абонентте ауыз су уақытша  тоқтатылған еді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 мамыр 2024, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.