Дарынды жас домбырашылар Атырау-Астана бағытындағы №47 пойызда жанды дауыспен өлең орындап, нағыз концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Ақын Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған «Нағыз қазақ осы, міне, танып қой» әнін шырқаған балалар жолаушылардың патриоттық сезімін оятып, ерекше атмосфера сыйлады.
Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі. Белгілі болғандай, мереке күндері балалар Астана қаласына музыкалық байқауға қатысуға жолға шыққан.