24 ақпанда «АЖ» сайтында мұнай дайындайтын «Болашақ» зауытында газдың енді бір емес, екі алауда өртеліп жатқаны туралы бейнежазба жарияланды.
Біздің жазбаша сауалымызға Атырау облысы бойынша бас мемлекеттік экология инспекторы Қанат ҚАЛМАХАН жауап берді: «Технологиялық жабдықтарды іске қосу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде технологиялық салдар орын алғанда ілеспе және (немесе) табиғи газды өртеуге мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті рұқсат берген. Осы рұқсаттың негізінде қазіргі кезде НКОК Н.В. компаниясы ілеспе газды өртейді».
Телефонмен сөйлескен кезде Қ.Қалмахан қысқаша айтып өтті:
- «НКОК» қолданыстағы барлық алауларға газ өртей алады.
Ол «Болашақ» зауытында олардың саны қанша екенін айта алмады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ