Атырау, 28 сәуір 04:06
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы

Қаладағы қоғамдық ұйымдар өз күштерін біріктіріп, өткен жылдың қарашасында қоғамдық тыңдауда ұсынылған мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ететін базаны (МТӘБ) салу жобасын мұқият талдаған болатын («АЖ» №47, «Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба»). ҮЕҰ тәуелсіз сарапшыларды тартып, осы жобаға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген еді. Бұл жалпы бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ұлттық және халықаралық заңнама бойынша анықталған заң бұзушылықтар санының көптігімен алаңдатып отыр. Таяуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыған қатысты баспасөз конференциясын өткізген еді. 12 қаңтар 2011, 00:00 5 491 просмотра
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 10 220 просмотра
АМӨЗ-ге айыппұл салынды Экология

АМӨЗ-ге айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауыты каналды бүлдіріп қоймай, оның айналасынан шұңқырлар қазып, оларға мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз төгіп отырған. «АЖ» журналистері қазанның 14-і күні «АМӨЗ» ЖШС маңындағы 66-шы зонаға барар жолдағы мұнайға толған канал жайлы бірнеше рет жазған болатын («АЖ» № №42, №43 «АМӨЗ» каналды бүлдірді», «Зертхана бар, зерделі талдау жоқ»). Кейін «АМӨЗ» ЖШС-іне тексеру жүргізген экология инспекторлары каналдағы судың мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанғанын анықтап, жалпы сомасы 54 116 135 теңгені құрайтын кінәрат тағып, айыппұл салды. 2 желтоқсан 2010, 00:00 4 914 просмотра
Жайық пен халықты құрбандыққа  шалған жоба Экология

Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба

Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала  анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде  президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың  уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 355 просмотра
«Светлана» маңы – улы газ  шоғырланған аудан Экология

«Светлана» маңы – улы газ шоғырланған аудан

Ғалымдар Атырау қаласының экологиялық төлқұжатын жасауға кірісті. Жобаға тапсырыс беруші – «Атырау МӨЗ» ЖШС, мердігері – «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. Жұмыс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырымен жүргізілуде. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 770 просмотра