Атырау, 22 желтоқсан 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қиғаш және Шарон өзендеріндегі су деңгейі туралы 27 сәуір​ күнгі жедел мәлімет

1 081 рет қаралды

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 8-дегі жағдай:

Қиғаш пен Шарон каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.  

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 325 см, тәулігіне көтерілу +8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 196 см құрайды.

Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 196 см, тәулігіне көтерілу +8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 186 см құрайды.

Шарон өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 197 см, тәулігіне +4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 100 см құрайды.

27 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 510 м3/с құрайды. 

Қиғаш пен Шарон каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

27 сәуір 2024, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.