«АЖ» редакциясына Қарабатанда орналасқан «Болашақ» мұнай дайындау зауытының бейнежазбасы келіп түсті. Бұл жерде екі алау жағылуда, түтін аспанға жайылған. Автордың айтуынша, бейнежазба 2017 жылдың 23 ақпанында түсірілген.
2016 жылдың 5 қыркүйегінде біздің сайтымызға сол кезде әлі іске қосылмаған «Болашақ» зауытынан алаудың түтіндеп жатқаны түсірілген бейнежазба жарияланған еді. Осыдан кейін «НКОК»-тың сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Серік ИДРАНОВ «шағын мөлшердегі «пилотты» алаудың жануы бүкіл пайдалану мерзімінде қарастырылған... Алауда өртеудің нысандарды іске қосу және пайдалануға беру барысында жүргізіледі, кейіннен қондырғы тұрақты жұмыс жасауға жеткен соң газ өртеу жиілігі төмендетіледі» деп хабарлаған болатын.
Енді екі алау жанып тұр... Біз мамандар атмосфераның ластану дәрежесін анықтау үшін экология департментіне хабарластық.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ