Атырау, 3 мамыр 05:12
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мәдениет

Мәдениет

Киноконцерт залын желтоқсанда тапсырылады

Халықаралық әуежай жолының сол жағында салынып жатқан 1200 орынға  есептелген киноконцертзалы  пайдалануға үстіміздегі жылдың аяғында берілмекші және ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ибрагим ӘМІРОВ хабарлады. 27 сәуір 2011, 19:45 2 819 просмотра
Белгілі әнші Жанна ОРЫНБАСАРОВА: «Джазды жаным қалайды» Мәдениет

Белгілі әнші Жанна ОРЫНБАСАРОВА: «Джазды жаным қалайды»

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанна Орынбасарова сәуірдің 24-і күні Атырауда жеке концерт бермек. Алғашқы рет ол мұндай жеке концертін 2007 жылы Алматыдағы республика сарайында өткізген еді. Біз әншінің өнер жолындағы жаңалығын бөліспек үшін одан телефон арқылы сұхбат алған болатынбыз. 20 сәуір 2011, 21:24 7 126 просмотра
Мәдениет

Гастрольдік сапар басталды

Облыстың өнерпаздар ұжымы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған алғашқы гастрольдік сапарын Құрманғазы ауданынан бастап отыр. Облыстың мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізу шарасы - «Тәуелсіздік нұрландырған Атырау» деп аталды. 20 сәуір 2011, 21:27 3 536 просмотра
Гауһар ҚАБИЕВА: «Өмірде де, өнерде де ойнап жүрміз» Мәдениет

Гауһар ҚАБИЕВА: «Өмірде де, өнерде де ойнап жүрміз»

Облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актрисасы Гауһар ҚАБИЕВА биыл «Жыл актрисасы» атанды. Бұл атақ актрисаның «Итальянша үйлену», «Сыйланбаған сезім», «Супер келін», «Әй, қыздар-ай», «Сыған серенадасы» секілді өзге де спектакльдердегі басты және қосалқы рөлдерді тапқырлықпен сомдап шыққан шеберлігі үшін берілді. «АЖ» тілшісі театр әлемін бағындыра білген дарынды актрисамен жақынырақ танысуға тырысты. 7 сәуір 2011, 16:17 5 903 просмотра
Өнері де, өмірі де өнеге Мәдениет

Өнері де, өмірі де өнеге

Наурыздың 25-сі күні шебер күйші, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияров тірі болса 65 жасқа толар еді. Дәл осы күні өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында былтыр ғана, маусымның 6-сы күні өмірден озған өнер иесінің туғанына 65 жыл толуына арналған «Өнері де, өмірі де өнеге» атты концерт өткізілген болатын. 30 наурыз 2011, 17:28 8 564 просмотра
Мәдениет

Атыраулық актерлар алғыс хат алды

Наурыздың 27-сі күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының жас әртістері халықаралық театр күніне арналған мерекелік кеш өткізді. Олар театрдың ардагер әртістеріне ерекше құрмет көрсетуге тырысты. Әрқайсысын бөлек атап, сахнаға шақырды, көрермен залына жайғастырды. 30 наурыз 2011, 17:12 5 844 просмотра
Атырау драма театры үш тілде сөйлейді Мәдениет

Атырау драма театры үш тілде сөйлейді

Соңғы кездері елімізде театрларды жекешелендіру туралы әңгіме тарап еді. Әрине, бұл жаңалықтың театрға жаны ашитын азаматтар мен театр саласында жүрген өнер өкілдеріне жайсыз тигені рас. Біз осы да өзге мәселелерге қатысты сауалдарды облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының директоры Берік ЖӘМЕНОВКЕ жолдап көрдік. 30 наурыз 2011, 22:11 12 364 просмотра
Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын» Мәдениет

Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын»

Таяу күндері қазақстандық «X-Factor» телешоуынан біздің жерлесіміз, «Атырау» Сауда орталығының маркетологы  Руслан Бердиматов «ұшып кетті». Руслан «АЖ» редакциясына біздің қаламыздың тұрғындарына алғысын білдіру үшін келіпті. 30 наурыз 2011, 22:01 3 083 просмотра
Белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан МАХАМБЕТ: «Сән театрын ашсам деп едім» Мәдениет

Белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан МАХАМБЕТ: «Сән театрын ашсам деп едім»

Наурыздың 11-і күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында қалың көпшілікке еліміздің бас суретші-модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан МАХАМБЕТТІҢ «Ертеңім – елім» атты жеке шығармашылық есеп беру концерті болып өтті. Спектакль кейіпкерлерінің түрлі киім үлгісінен бөлек, күнделікті тұрмыста киіп жүруге болатын киімдердің сән үлгілері де таныстырылды. Біз осы кештен соң Гүлмаржан апайдан сұхбат алдық. 17 наурыз 2011, 18:13 10 268 просмотра
Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған» Мәдениет

Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған»

Наурыздың 5-і күні облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Рафаэль Слекеновтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның бояуы кеппеген 49 жұмысы ілінді. 9 наурыз 2011, 22:21 11 260 просмотра
Әншілік таланты бар Эльдар Мәдениет

Әншілік таланты бар Эльдар

Жаңа музыкалық «X-Factor» телешоуының қатысушысы, атыраулық жігіт Эльдар МЫРЗАХАНОВТЫҢ өз отбасын көрмегеніне бірнеше айдың жүзі болған. «Үй ішін қатты сағындым», - дейді ол кезекті іріктеу турының нәтижелері жарияланған соң. 3 наурыз 2011, 00:52 3 350 просмотра
Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды» Мәдениет

Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды»

Қазақ қыздарына қайран болған қайсар жігіттеріміз аруларын алақандарына сап аяласа, әлем де қаруланып, адамдар да қатігезденбес еді деп ойлаймыз, біз іштей қиялдарға беріліп... Аналарымызды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» деп айтуы  жәй емес қой. Сондай бір ұлттық болмысын сақтап, рухынан адаспаған белгілі өнер иесі, екі ұлдың анасы да әбден ерекше құрметке лайықты. Жаһандану жолында қаймағы бұзылмаған қалпында қалып отырған талантты әншілеріміздің бірі - бұрынғы «Жібек жолы» тобының мүшесі Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ. Жақында оның жеке концерті облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өткен болатын. Бізге әншімен сұхбаттасудың сәті түсті.  3 наурыз 2011, 01:05 11 729 просмотра
Арулардың құрметіне арналған көрме Мәдениет

Арулардың құрметіне арналған көрме

Ақпанның 22-сі күні «Ақжелкен» шығармашылық орталығында алғаш рет жергілікті арулардың көркемсурет және қолөнер көрмесі ашылды. Мұндай құрмет - әйел аналардың алдағы күнгі 8-наурыз мерекесіне орай өткізіліп отыр. 24 ақпан 2011, 00:00 8 671 просмотра
Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Мәдениет

Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді»

Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 9 286 просмотра
Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Мәдениет

Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін»

Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз.  17 ақпан 2011, 00:00 6 432 просмотра
Домбыраның дүлдүлі Мәдениет

Домбыраның дүлдүлі

Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 11 201 просмотра
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 6 995 просмотра
Сахна сыртындағы шебер Мәдениет

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 9 401 просмотра